Қобда ауданы Жарық ауылдық округінің Жарық ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жарық округінің Жарық ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 2 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1) «Астана» көшесін – «Тәуке хан» көшесіне;
2) «Ә.Молдағұлова» көшесін – «Бұқар жырау» көшесіне;
3) «Желтоқсан» көшесін – «Ақан сері» көшесіне қайта аталсын.
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |