Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің Терісаққан ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің Терісаққан ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Терісаққан ауылдық округінің Терісаққан ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

  1. Терісаққан ауылдық округі Терісаққан ауылының келесі көшелері:

      1) «Астана» көшесін – «Жұмекен Нәжімеденов» көшесіне;

      2) «Жастар» көшесін – «Мұқағали Мақатаев» көшесіне;

      3) «Желтоқсан» көшесін – «күйші Дәулеткерей» көшесіне қайта аталсын.

  1. «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің Терісаққан ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Дата публикации
24 мая 2022