Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округінің Сарбұлақ ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сарбұлақ ауылдық округінің Сарбұлақ ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1) «Астана» көшесін – «Жәңгір хан» көшесіне;
2) «Абай Құнанбаев» көшесін – «Шығанақ Берсиев» көшесіне;
3) «Жастар» көшесін – «Әбілхан Қастеев» көшесіне;
4) «Желтоқсан» көшесін – «Түркістан» көшесіне;
5) «Пацаев» көшесін – «Сарыбұлақ» көшесіне қайта аталсын.
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |