Қобда ауданы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Қобда ауданы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

 

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

  1. Қызылжар ауылдық округі Қызылжар ауылының келесі көшелері:

      1) «Астана» көшесін – «Мұстафа Өзтүрік» көшесіне;

      2) «Ә.Молдағұлова» көшесін – «Әлкей Марғұлан» көшесіне қайта аталсын.

  1. «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Қобда ауданы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Дата публикации
19 мая 2022