Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бестау ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бестау ауылдық округі әкімін  сайлау  қорытындылары туралы

ХАБАР

  

2022 жылғы 15 мамырда Қобда ауданының Бестау ауылдық округі әкімінің сайлауы  Бестау сайлау округі бойынша өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссиясының Қобда  ауданының  Бестау  ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы хаттамасы негізінде Қобда аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

                                             Бестау сайлау округі

Бестау ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 329 азамат енгізілді, олардың  261 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны -1, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны  - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыс                                     

Бибітов А.Т. -175, Дошымов Н.Қ. -42, Егізбаев Е.С. -38.                              

Бибітов Айбек Теміржанұлы Бестау  ауылдық округінің әкімі болып сайланды - 1988 жылы дүниеге келген, Бестау ауылдық округінің  әкімі,Ақтөбе  облысы  Қобда ауданының Бестау ауылдық округі Бестау ауылының тұрғыны,«АМАNAТ» саяси партиясы  ұсынған..                                                     

 

 

                                                         Қобда  аудандық сайлау комиссиясы

Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бестау ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАР
Дата публикации
15 мая 2022