Қобда ауданы Бегалы ауылдық округінің Бесқұдық ауылының көшесін қайта атау туралы

Қобда ауданы Бегалы ауылдық округінің Бесқұдық ауылының көшесін қайта атау туралы

 

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бегалы ауылдық округінің Бесқұдық ауылы халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

  1. Бегалы ауылдық округі Бесқұдық ауылының «Ю.Гагарин» көшесін – «Шерхан Мұртаза» көшесіне қайта аталсын.
  2. «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Қобда ауданы Бегалы ауылдық округінің Бесқұдық ауылының көшесін қайта атау туралы
Дата публикации
13 мая 2022