Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы
Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 103 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 мамырда № 6172 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қобда ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 260 "Қобда ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4599 болып тіркелген, 2015 жылдың 17 желтоқсанында "Қобда" газетінде жарияланған);
2) Қобда ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 261 "Қобда ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4598 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 желтоқсанында "Қобда" газетінде жарияланған).
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Аудан әкімі |
Б.Құлов |
|
КЕЛІСІЛДІ: |
|
|
Қобда аудандық аумақтық |
|
|
2019 жылғы "20" мамыр |
|