2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы №2592 Конституциялық заңының 21-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына және «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізутуралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 888 Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Аумақтық референдум комиссиялары республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.

3.Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының интернет - ресурсында орналастырылсын.

Төраға

Н. Әбдіров

 

Хатшы

               М. Ерман

Нұр-Сұлтан қаласы,

2022 жылғы 6 мамыр,

      № 32/482

2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
10 мая 2022