Әкімдерді халықтың тікелей сайлауы, сайлау комиссияларына түсетін міндетті еселей түсетіні де белгілі. Былтырдан бастап, елімізде ауылдық округ әкімдерін сол ауыл тұрғындарының өзі сайлай бастаса, ендігі кезек Бестау ауылдық округіне тиіп отыр. Өткен жұмада аудан әкімінің орынбасары Ізгілік Тынымгереевтың төрағалығымен өткен жиында Бестау ауылдық округі әкімінің сайлауына дайындық жұмыстары пысықталды. Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Ақшолпан Оразованың сөзінше сайлау комиссиясының құрамы толық жасақталған. Материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен толықтай қамтылған. Қазіргі таңға сайлауға қатысуға үш кандидат ниет білдіріп отыр. І. Тынымгереев үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгенде барлық кандидатқа бірдей мүмкіндік болуы керектігін атады. Халықтың сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауына жұмыс жасау керектігін айтты. Ол үшін шақыру билеттерін дайындау, музыка, жәрмеңке ұйымдастыру турасында тапсырма берді.
Талғат Бағыбергенұлы
Аудандық «Қобда» газеті