Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бегалы ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

Ақтөбе облысы   Қобда ауданының Бегалы ауылдық округі әкімін  сайлау  қорытындылары туралы

ХАБАР

  

2022 жылғы 13 наурызда Қобда  ауданының Бегалы  ауылдық округі әкімінің сайлауы  Бегалы сайлау округі бойынша өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссиясының Қобда  ауданының  Бегалы ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Қобда аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

Бегалы сайлау округі

Бегалы  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 629 азамат енгізілді, олардың  537 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны  - 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Күзембаев А.Т.  -  33, Манашев А.Б.  - 222,  Төкешева Ж.Қ. - 276.

           Төкешева Жанна Қабдрахманқызы - 1976 жылы дүниеге келген,  «Ақтөбе облысының жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» № 1 әлеуметтік қызмет көрсету   орталығы директорының орынбасары,Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қобда ауылдық округі Қобда ауылының тұрғыны,«АМАНАТ» саяси  партиясы ұсынған.   Бегалы  ауылдық округінің әкімі болып сайланды.                                                 

                                                         

                                             Қобда  аудандық сайлау комиссиясы

 

 

Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бегалы ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАР
Дата публикации
13 марта 2022