Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында
2021 жылдың 10 айында жүргізілген жұмыстар туралы
Қобда ауданында жергілікті атқарушы органдар және оларға бағынысты ұйымдарын қоса есептегенде барлығы 25 мемлекеттік қызмет көрсетуші мекеме, оның ішінде: аудан әкімі аппараты, 7 аудандық бөлім, 16 ауылдық округ әкімі аппараты, жұмыспен қамту орталығы бар.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 63 түрі көрсетіледі.
Аудан бойынша 2021 жылдың 10 айында мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелермен барлығы 4962 қызмет көрсетілді.
Олардың ішінде: жергілікті орган арқылы қағаз түрінде – 38, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы – 737, электронды үкіметтің порталы арқылы – 4187 қызмет көрсетілді.
Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 84,4 % құрайды.
10 айдың қорытындысында барлығы 61 бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу фактілері – 2, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері – 6, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 45, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту – 1, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактілері – 7.
Бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өткен кезеңде қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. 10 айда барлығы 56 іс-шара ұйымдастырылып, 993 адам қамтылды.
Аудан жұртшылығына қолайлы болу үшін 2 сервистік әкімдік, 47 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс жасауда.