Қобда ауданының 2021 жылдың қаңтар-сәуір айына әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштері.

Қобда ауданының 2021 жылдың қаңтар-сәуір айына  әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштері.

Бюджет.

        Барлық салықтар бойынша  есептік кезеңге 300,2 млн.тг. жиналды (145,3%),  оның ішінде жергілікті бюджетке 264,2 млн.тг. түсті, былтырғы жылмен салыстырғанда өсім 109,1%, немесе 22,1 млн.тг. артық орындалды.  

        Аудан бюджетінің игерілуі  100%.

        2021 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы 148,1 мың теңгені құрады, өткен жылдың тиісті деңгейіне қарағанда өсу қарқыны 115,7% құрайды.

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

Есепті мерзімде 305 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде тұрақты – 115, уақытша – 190 орын. Есепті кезеңде бос жұмыс орындарына 285 адам жұмысқа орналастырылды.

         Қобда көпсалалы колледжі жанындағы қысқа мерзімді оқуға 52 адам жіберілді (аспазшы, тігінші, шаштараз, электр-газбен дәнекерлеуші, санитар - ветеринар, қазандық операторы, тракторшы).

Жұмысқа орналастыруға  бағытталған Кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде ақылы қоғамдық жұмыстарға 159 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 127 адам тартылды, 9 түлек жастар тәжірибесіне жолданды.

        Инвестиция.

        Аудан экономикасына 1 152,4 млн.тг. инвестиция  тартылды, оның ішінде бюджеттік қаражат 168,5 млн.тг., меншікті қаражат 983,9 млн.тг.  Инвестиция көлемі  өткен жылдың кезеңінен 121,6% артты

         Шаруашылық құрылымдардан ауыл шаруашылық саласына 588,4 млн. тг. инвестиция тартылды. Ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 15 бірлік техника, 300-ден астам асыл тұқымды ІҚМ сатып алды.

      Құрылыс.

       Құрылыс қызметінің көрсеткіші – 351,7 млн.теңге, немесе 2020 жылға өсім 66,0%.

       Пайдалануға берілген 16 үйдің жалпы алаңы 2502 шаршы метр, нақты көлемінің индексі 109,0 %.

        Ауыл шаруашылығы.

  Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі – 5 463,2 млн.теңге, оның ішінде мал шаруашылығы 5 435,0 млн.тг. (104,6%.), өсімдік шаруашылығы 0,6 млн.тг. (100%.), өсу қарқыны 104,6%. Есепті мерзімге 3 285,1 тонна ет (106,0%), 8 655,8 тн.сүт (103,2%) өндірілді, 1 619,5 мың дана (103,2%) тауық жұмыртқасы алынды.

  Өнеркәсіп.

Есептік кезеңге 731,1 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі салаларында – 637,2 млн.тг. (101,7%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптауда – 79,5 млн.тг. (102,2%), сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 14,4 млн.тг. (99,7%) өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индексі өткен жылмен салыстырғанда 102,4 % құрады.

Кәсіпкерлік саласы.

        Ауданда 1377 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде 1346 бірлігі  немесе 97,8 %  белсенді болып табылады.

         "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында 7 кәсіпкерлік субъектісіне жалпы сомасы 34,5 млн.теңгеге несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау және жетіспейтін кепілдікті қамтамасыз ету бойынша қолдау көрсетілді. Есепті кезеңде жалпы сомасы 1750,2 мың теңгеге 3 грант берілді, қызмет көрсету саласын кеңейту - полиграфиялық қызметтер көрсету, шағын тігін цехы және т. б.

         Бөлшек сауда және баға.

       Сауда көлемі – 690,1 млн.теңге құрады, 2020 жылға өсім 71,2 %.             

  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасың тұрақтандыру мақсатында бөлшек сауда кәсіпорындары және жергілікті тауар өндірушілер арасында меморандум жасалды, сонымен қатар апта сайын мониторинг жүргізіледі.

№

Көрсеткіштер

2020 ж. қаңтар-сәуір

2021 ж. қаңтар-сәуір

НКИ,

%

Негізгі макрокөрсеткіштер

1

Өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемі, млн.теңге

447,6

731,1

102,4

2

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, млн.теңге

4334,9

5463,2

104,6

3

Құрылыс  жұмыстары  көлемі, млн.теңге

534,2

351,7

66,0

4

Негізгі капиталға салынған инвестиция, млн.теңге

932,9

1152,4

121,6

5

Тұрғын үйлердің іске қосылуы, шаршы метр

2295

2502

109,0

6

Тіркелген  ШОБ субъектілерінің саны, бірлік

1227

1377

112,2

7

Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны, бірлік

1191

1346

113,0

8

Бөлшек сауда көлемі, млн.теңге

895,8

690,1

71,2

9

Ашылған жаңа жұмыс орындары

300

305

101,6

10

Орташа айлық жалақы,теңге

128 074

148 182

115,7

11

Өндірілген ет, тонна

3 098,8

3 285,1

106,0

12

Сауылған сүт, тонна

8 377,4

8 655,8

103,2

13

Алынған тауық жұмыртқасы, мың дана

1 569,2

1 619,5

103,2

14

Ірі-қара мал, бас

44 768

51 911

116,0

15

Қой,бас

107 962

129 662

120,1

16

Ешкі, бас

12 194

13 279

108,9

17

Жылқы, бас

12 042

17 304

143,7

18

Шошқа, бас

346

349

100,9

19

Құс, бас

53 200

53 501

100,6

Аудан бюджеті

2020 ж.

қаңтар-маусым

2021 ж. қаңтар-маусым

қарқын,  %

20

Жергілікті бюджетке кірістердің түсуі, млн.теңге

242,2

264,2

109,0

21

Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы, пайыз

99,5

100

100,5

 

Қобда ауданының 2021 жылдың қаңтар-сәуір айына әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштері.
Дата публикации
21 мая 2021