Қобда ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасының 2020 жылдың мониторингі бойынша
талдамалық жазбахат
Бағдарлама құжатының деректемелері: Қобда аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №241 «Қобда ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» шешімімен бекітілді.
Бағдарламаға аудандық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 26 қарашадағы №390 шешімімен өзгерістер енгізіліді.
Нысаналы индикаторлар 2016-2020 жылдарға арналған Ақтөбе облысының аумағын дамыту бағдарламасына сәйкес декомпозицияланған, облыстық салалық басқармаларымен келісілген.
Бағдарламаны іске асыру бойынша 2020 жылға арналған іс - шаралар жоспары 4 бағыт бойынша "Экономика", "Әлеуметтік сала", "Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртіп", "Инфрақұрылым" қамтылған және іске асыруға жалпы соммасы 1029,4 млн.теңге 11 іс - шара жоспарланған. Оның ішінде: "Экономика" бағыты бойынша жалпы сомасы 927,9 млн. теңгеге 5 іс - шара, "Әлеуметтік сала" бағыты бойынша 56,3 млн. теңге сомасына 4 іс-шара, "Инфрақұрылым" бағыты бойынша 45,2 млн. теңге сомасына 1 іс-шара, "Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртіп" бойынша қаржыландыруды қажет етпейтін 1 іс-шара қарастырылған.
1."Экономика" бағыты бойынша 5 мақсат, 12 нысаналы индикатор. Барлық индикаторлар орындалды.
Өңірлік макроэкономика.
1-мақсат: Әлеуметтік экономикалық әлеуетті тиімді қолданудың негізінде өңірдің тұрақты дамуы.
- 1-ші НИ «Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны» есепті жылға жоспар 100,0%, орындалуы 101,3%-ды құрады, 2020 жылы нақты түсім 628,9 млн. теңге (2019 жыл – 620,6 млн.тг.).
Өнеркәсіп.
2-мақсат: Өңдеу өнеркәсібі өнімдерін шығару көлемін арттыру, саланың еңбек өнімділігін арттыру.
- 2-ші НИ «Өнеркәсіп өнімінің индексі» 2020 жылға жоспар – 102,0%, нақты – 102,1% құрады, есепті жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 2116,6 млн. теңге құрады.
- 3-ші НИ «Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі» өнеркәсіп өнімінің көлемі көрсеткішін статистика агенттігі қалыптастырады.
2020 жылға аудан бойынша жоспар 101,0%, орындалуы 101,5 %. Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібің көлемі 1908,4 млн. теңгені құрады.
Инновациялар мен инвестициялар.
3-мақсат: Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту, қаржы салу мен инновацияларды дамытуға қолайлы жағдай жасау.
2020 жылы шаруашылықтардың жұмысын жандандырып, олардың негізгі қорларын көбейту үшін салаға барлығы 1,7 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есеге жоғары. Шаруашылықтар 22 дана трактор,11 дана Joone Deere кешенің, 2 егін егу кешені мен әр түрлі ауыл шаруашылық агрегаттарын, сонымен қатар 1400 басқа жуық асылтұқымды мал сатып алды.
- 4-ші НИ «2016 жылға қарай негізгі капиталға инвестиция жұмсау» жоспар 130,0%, орындалуы 171,5%, негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 5 млрд.936,3 млн.теңге.
- 5 НИ «Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны» жоспар 130,0 мың.тг., орындалуы 323,4 мың.тг. Ресми статистикалық деректер бойынша халық саны 01.12.2020 жылға 18352 адамды құрайды.
- 6 НИ «Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі» Аудан бойынша сыртқы инвестиция тарту жоспары жоқ.
Агроөнеркәсіптік кешен.
4-мақсат: Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Ауданымыздың басты бағыттарының бірі – ауылшаруашылығы саласы. Ауыл шаруашылық құрылымдарының бірлескен жұмыстарының нәтижесінде 2020 жылы ауданымыз облыс көлемінде «Ауылшаруашылығы саласындағы озат аудан» деп танылды. Есепті мерзімде жалпы өнім көлемі 24 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылдан 4%-ға жоғары. Өсімдік шаруашылығы өнімінің өсімі 2,4%, мал шаруашылығы өнімінің өсімі 4,6%-ғажетті.
Мемлекет тарапынан мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын және оның өнімділігі мен сапасын арттыруға ауылшаруашылық құрылымдарына 2 млрд теңгеге жуық субсидия төленді.
- 7 НИ «Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) нақты көлем индексі» жоспар 104,0%, орындалуы 104,0%, есепті мерзімге ауыл шаруашылық өнім көлемі 24 262,7 млн.тг. құрады.
- 8 НИ «Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал басының үлесі» ІҚМ жоспар 54,0%, орындалуы 57,5%, ҰҚМ жоспар 58%, нақты 59,9%.
2021 жылдың 1 қаңтарына барлық санаттағы шаруашылықтарда 47 692 бас ірі қара бар, оның ішінде ЖШС-мен шаруа қожалықтарында 27 537 бас. Ұсақ мал саны 127 741 бас, оның ішінде ұйымдастырылған шаруашылықтарда 76 601 бас бар.
Шағын және орта бизнес.
5-мақсат: Кәсіпкерліктің және сауданың дамуына қолайлы жағдай жасау.
Аудан көлемінде шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасалуда. Бүгінгі таңда 1367 (74 заңды тұлға, 771 шаруа қожалығы, 522 жеке кәсіпкер) кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның 1297 немесе 98% белсенді жұмыс жасауда. Былтырғы жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 112,6 %, оның ішінде белсенділердің өсуі 109,8 %-ды құрап отыр.
2020 жылы кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға мемлекет тарапынан 1,1 млрдтеңге көлемінде 100-ге жуық кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несиелер беріліп, қолдау шаралары алынды. Өсу қарқыны 137,6%.
- 9 НИ «ШОБ субьектілерімен өндірілген өнімнің өсу қарқыны» жоспар 85,0%, нақты 97,5%. Есепті жылы шағын және орта бизнес субьектілерімен жалпы соммасы 3 669,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
- 10 НИ «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету» есепті жылы 9 жоба 582,2 млн.тг. қаржыландырылды.
- 11 НИ «Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі» жоспар 104,0%, нақты 120,6%, есепті жылы бөлшек тауар айналымы 2 480,7 млн.тг. құрады.
- 12 НИ «Көтерме сауданың нақты көлемінің индексі» жоспар 182,0%, нақты 278,4%, есепті жылы көтерме сауда көлемі 682,6 млн.тг.
Білім беру.
6-мақсат: Білім беру сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, және де білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру.
Сапалы білім беру, ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру - еліміздің білім саласын дамытудың басты басымдықтарының бірі. Әлемді алаңдатқан пандемия жағдайында білім беру жүйесі дәстүрлі түрден онлайн форматқа икемделді. Қашықтықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен 678 дана, жергілікті бюджет есебінен 50 дана ноутбук алынды. Нәтижесінде, жалпы аудан бойынша 1 компьютерге үш баладан келеді.
Интернет желісімен қамтылмаған елді мекендердегі оқушыларды онлайн біліммен қамту мақсатында қосымша 220 роутерлер сатып алынды.Мектеп оқушыларын оқулықпен қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 38,7 млн.теңге бөлініп, оқушылар 100% оқулықпен қамтылды. Аудан бойынша 25 жалпы білім беретін мектепте 2596 оқушы білім алуда. Білім сапасы 61,4% (облыс-61,2%) құрайды.
- 13 НИ «Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны».
Аудан бойынша Терісаққан ОМ-нің ғимараты «АқтөбеГенСтрой» ЖШС-ның 2019 жылғы 2 сәуірде жасалған техникалық зерттеу нәтижесі бойынша қанағаттанарлықсыз және тұрақсыз деп танылды. Аудандық бюджет қаражаты есебінен Терісаққан ауылында 60 орындық мектеп құрылысын жүргізуге ЖСҚ дайындалды, сараптамадан өтуде.
- 14 НИ «Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту» жоспар 100 %, нақты 100%. Мектепке дейінгі 3-6 жастағы балалар саны – 775.
Денсаулық сақтау.
7-мақсат: Денсаулық сақтау жүйесін дамыту және халықтың денсаулығын жақсарту.
Аудан бойынша есепті мерзімде демографиялық өсім байқалды. 2020 жылы 300 нәресте дүние есігін ашып, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,8 пайызға артты.
Денсаулық сақтау саласының негізгі талаптарының бірі – ана мен бала өлімін болдырмау. Ана өлімі есепті мерзімде тіркелген жоқ.
Нәрестелік өлім көрсеткіші 2019 жылмен салыстырғанда 3 жағдайға төмендеді.
- 15 НИ «Аналар өлім-жітімін төмендету» Есепті жылы ана өлімі тіркелген жоқ.
- 16 НИ «Нәресте өлім-жітімін төмендету». Жоспар 6,37 (1000 тірі туылғандарға шаққанда) Есепті жылы бала өлімінің 1 жағдайы болды (2019 ж. - 4). Нәрестелік өлімнің басты себебі -жедел екі жақты өкпе қабынуы.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау.
8-мақсат: Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру.
Аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға бағытталған. Кешенді жоспар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп, 2834 азамат жұмыспен қамтылды (2019ж-1976 адам). Соның ішінде 78 азамат қысқа мерзімді оқыту курстарына, 168 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 127 түлек жастар тәжірибесіне жолданды. «Жасыл ел» бағдарламасына 353 жас, ақылы қоғамдық жұмыстарға 256 азамат тартылып, 690 жаңа жұмыс орындары ашылды.
- 17 НИ «Жұмыссыздық деңгейі» жоспар 4,7%, нақты 4,6%.
- 18 НИ «Тұрақты жұмыс орындарын құру» жоспар 400 орын, нақты 565 орын. Есепті жылы 690 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде 565 орын тұрақты, 125 орын уақытша.
- 19 НИ «Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі» жоспар 23,5%, нақты 24,8%.
Дене шынықтыру және спорт.
9-мақсат: Халықтың физикалық белсенділігін қалыптастыру және арттыру.
Аудан бойынша бұқаралық спортпен айналысу көрсеткіші 33 %-ды құрайды.
Ауылды елді мекендерді заманауи спорт алаңдарымен қамту, жастарды бұқаралық спортқа баулу мақсатында аудандық бюджет есебінен –17,8 млн теңге бөлініп, Қызылжар, Жарсай, Бесқұдық ауылдарында жаңа спорт алаңдары салынып, қолданысқа берілді. Ал Ақырап, Талдысай ауылдарында демеушілік есебінен спорт алаңдары салынуда.
- 20 НИ «Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі» жоспар 140,7%, орындалуы 140,7%.
Ауданда 82 спорт нысаны жұмыс жасайды (бассейіні бар дене шынықтыру және сауықтыру кешені, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 25 спортзал, 2 стадион, 11 заман талабына сай спорт алаңы, көпфункционалды алаң және 16 хоккей корты, 4 воркаут).
10-мақсат: Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.
2020 жылдың қорытындысы бойынша қабылданған іс-шаралар нәтижесінде тіркелген жалпы қылмыстық құқық бұзушылық саны 23,7%-ға (131-ден 100-ге дейін) төмендеді. Аса ауыр қылмыс тіркелген жоқ, ауырлығы орташа қылмыс 58,5%-ға (82-ден 34-ке), жалпы ұрлық саны 66,6%-ға (84-тен 28-ге) төмендеді.
Сонымен қатар есептік кезеңде 2019 жылмен салыстырғанда мал ұрлығының саны 35,2%-ға(34-тен 22-ке) төмендеп, ашылуы 12,1%-дан 40,7%-ға дейін көтерілді.
- 21 НИ «Жалпы қылмыстылық деңгейі» (10 мың адамға шаққандағы құқық бұзыушылықтар саны) жоспар 70,1 нақты 54,4. Есепті жылы тіркелген қылмыс саны 100 бірлік.
- 22 НИ «Жас өспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы» жоспар 3,0 нақты 3,0 пайыз. Кәлеметке толмағандардың жасаған қылмыс саны 3 бірлікті құрады.
Құрылыс.
11-мақсат: Құрылыс саласының тиімді дамуына ықпал ету және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету.
2020 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында аудан орталығында жалпы құны 568 млн. теңгені құрайтын төрт 16 пәтерлі үй салынып, кезекте тұрған азаматтарға 64 пәтер берілді. Сонымен қатар республикалық бюджет қаражаты есебінен 16,8 млн. теңге бөлініп, Талдысай, Әлия, Бесқұдық ауылдарынан бес көп балалы азқамтылған отбасыға тұрғын үйлер сатып алынды.
- 23 НИ «Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі» жоспар 101,0%, факт 110,3%. Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 438,2 млн. теңгені құрады.
- 24 НИ «Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы» жоспар 9,0 мың шаршы метр, нақты 9,2 мың шаршы метр. Оның ішінде 5154 шаршы метр жеке салушылар есебінен іске қосылды.
