Нысандардағы санитарлық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуы жөніндегі мониторингтік тобын қайта құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Н.А.Беркімбаеваның 2021 жылғы 30 наурыздағы «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысына сәйкес:
1) Аудан әкімінің 2020 жылғы 26 мамырдағы №26 «Нысандардағы санитарлық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына тексеру жүргізу жөніндегі мониторингтік тобын құру туралы» өкімі;
2) Адан әкімінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №36 «Аудан әкімінің 2020 жылғы 26 мамырдағы №26 «Нысандардағы санитарлық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына тексеру жүргізу жөніндегі мониторингтік тобын құру туралы» өкіміне өзгеріс енгізу туралы» өкімі.
Аудан әкімінің м.а. І.Тынымгереев
Аудан әкімінің
2021 жылғы «30» наурыздағы
№ 18 өкіміне қосымша
Нысандардағы санитарлық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуы жөніндегі мониторингтік тобы
І.Тынымгереев -Аудан әкімінің міндетін атқарушы, мониторингтік тобының төрағасы;
Б.Утепов -Аудан әкімінің орынбасары, мониторингтік тобы төрағасының орынбасары;
Б.Смағұлов - Аудан әкімі аппаратының басшысы, мониторингтік тобының хатшысы;
Топ мүшелері:
Ж.Бибетова - Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
А.Қабылов - Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы;
С.Шудабаев - «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
Е.Қоспанов - Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;
Р.Жолдыбаева - Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің басшысы;
Н.Айжарықов - Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімінің басшысы, (келісім бойынша);
Н.Дұзбанов - Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің басшысы;
Ж.Ерғалиев - Аудандық мәслихат хатшысы, (келісім бойынша);
А.Есеналин - Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, (келісім бойынша);
Н.Досжанов - Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы, (келісім бойынша);
А.Шарапатов – Аудандық аурухана бас дәрігері, (келісім бойынша);
Б.Құрманиязов - «Нұр-Отан» ХДП аудан өкілдігі төрағасының бірінші орныбасары, (келісім бойынша);
Д.Байменов - Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы;
Ж.Наушабаев - Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы;
С.Таженов - Аудан әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.