ХАБАРЛАМА
«Қобда ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2021 жылдың 20 наурыз күні сағат 15:00-де Қобда ауылының әкімшілік ғимаратында Қобда ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиыны өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселе: «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысына сәйкес, Қобда ауылдық округіне қарасты Қобда және Құрсай ауылындағы қайталанған көшелерін қайта атау туралы қоғамдастық тыңдалымы өткізілді. Жиналыс ашық дауыс беру нәтижесінде қорытындыланып, Батыс тұйық көшесіне Қарасай батыр, Жеңіс тұйық көшесіне Жанғожа батыр, Қобда 80 жыл тұйық көшесіне Рақымжан Қошқарбаев, Ақтөбе тұйық көшесіне Райымбек батыр, Щербак көшесіне Сапура Мәтенқызы, Ә.Молдағұлова көшесіне Қазыбек би және А.Құнанбаев көшесіне Алпамыс батыр атауларын беру туралы шешім қабылданды.
«Қобда ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ