ХАБАРЛАМА
«Ақрап ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2020 жылдың 13 қараша күні сағ. 15:00-де Ақрап ауылдық округіндегі «Ақрап ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселе: Ақрап ауылдық округіндегі қайталанған «Ынтымақ, Ш. Уалиханов, М. Өтемісұлы, А. Кунанбаев, Тәуелсіздік» көшелерінің атауларын өзгерту. Жиналыс ашық дауыс берумен қорытындыланып, нәтижесінде «Ынтымақ» көшесін «Жайық» көшесіне, «Ш. Уалиханов» көшесін «Ұлытау» көшесіне, «М. Өтемісұлы көшесін «Медеу» көшесіне, «А. Құнанбаев» көшесін «Хан тәңірі» көшесіне, «Тәуелсіздік» көшесін «Ұлы Дала» көшесіне, «С.Королев» көшесін «Құрманғазы» көшесіне өзгерту жөнінде шешім қабылдады.
«Қобда ауданы Ақрап ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ