Сарбұлақ ауылдық округі бойынша қайталанған көшелерін қайта атау туралы қоғамдастық тыңдалым

ХАБАРЛАМА

        Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты ММ  2021 жылдың  8 ақпан күні сағат  10.00-де Сарбұлақ ауылдық  Мәдениет үйінде Сарбұлақ ауылдық округі  бойынша  жергілікті қоғамдастық жиыны өткізілді.

        Күн тәртібіндегі мәселе: «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау,  сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысына сәйкес, Сарбұлақ ауылдық округі бойынша қайталанған көшелерін қайта атау туралы қоғамдастық тыңдалымы өткізілді. Жиналыс ашық дауыс беру нәтижесінде қорытындыланып, Астана көшесіне Жәңгір хан, Абай Құнанбаев көшесіне Әбілхан Қастеев, Жастар көшесіне Шығаңақ Берсеев, Желтоқсан көшесіне Түркістан және Пацаев көшесіне Сарыбұлақ атауын беру туралы шешім қабылданды.

«Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

Сарбұлақ ауылдық округі бойынша қайталанған көшелерін қайта атау туралы қоғамдастық тыңдалым
Дата публикации
09 марта 2021