ХАБАРЛАНДЫРУ
«Өтек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2021 жылдың 5 ақпан күні сағ. 11:00-де Өтек ауылдық округіндегі «Өтек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселе: Өтек ауылдық округіндегі қайталанған «Астана, Желтоксан» көшелерінің атауларын өзгерту. Жиналыс ашық дауыс берумен қорытындыланып, нәтижесінде «Астана» көшесін «Спандияр Көбеев» көшесіне, «Желтоксан» көшесін «Қорқыт ата» көшесіне өзгерту жөнінде шешім қабылдады.
«Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ