Ақтөбе облысы әкімінің есеп беру барысында қойылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

 Ақтөбе облысы әкімінің есеп беру барысында қойылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін

іске асыру жөніндегі

 ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ

2021 жылғы 13 қаңтар  жағдай бойынша

№

Айтылған ескертулер / ұсыныстар

Орындалу мерзімі

Жауапты

Орындалуы

1

Сарбұлақ елді мекеніне газдандыру  жұмыстарын жүргізу

2021  ж.

желтоқсан

Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп

"Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сарбұлақ ауылына газ құбырын жеткізу және ауылішік газ құбырының құрылысы" жұмыс жобасы 2017 жылы әзірленді. Жоба құны 264,663 млн теңге. Сарбұлақ ауылы аудан орталығынан 35 км қашықтықта орналасқан. Халық саны 520 адам. Сарбұлақ ауылында орта мектеп, ФАП, ауылдық клуб, кітапхана бар.

Қобда ауданының даму жоспарымен, Нұр Отан партиясының сайлауалды бағдарламасымен қарастырылған. Құрылыс монтаж жұмыстарын бастау үшін облыстық бюджеттен 2020 жылға 100,0 мың теңге бөлінді. Қазіргі кезде  мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  2021  жылға РБ 100 млн.тг., ОБ 32 млн. тг.қаражат бөлінген.Тапсырыс беруші Облыстық энергетика тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы.Нысанды пайдалануға тапсыру 2021жылға жоспарланған.

 

2

Жарсай елді мекеніне су құбырының құрылысына қаражат бөлу

2021  ж.

желтоқсан

Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп

ЖСҚ әзірлеуге 5,940 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта жоба сараптамадан өткізілді. Жоба іске асырылған жағдайда Жарсай ауылының 640 адамы сумен қамтамасыз етіледі. Жоба Қобда ауданы аймағын дамыту бағдарламасы, Нұр Отан партиясының сайлауалды бағдарламасымен енгізілді. Болжамды құрылыс-монтаж жұмыстарының сомасы 402,0 млн тг. Жобаны 2021 жылы іске асыруға(80%)республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен, (20%)жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыру  жоспарлануда.

 

Қобда ауданының әкімі                                                                       Б.Кулов 

Ақтөбе облысы әкімінің есеп беру барысында қойылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Дата публикации
14 января 2021