Аудан әкімдерінің 2020 жылдағы есеп беру барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Аудан әкімдерінің 2020 жылдағы есеп беру барысында айтылған

 ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

2021 жылғы 13 қаңтардағы  жағдай бойынша

№

Айтылған ескертулер және ұсыныстар

Орындалу жағдайы

(шешу жолдары)

Орындалу сатысы (орындалды / орындалуда)

Қобда ауданы

1.        

Жиренқопа бағытындағы елді мекендерді (Құрсай, Жарық, Қанай, Ақырап, Қаракемер, Қызылжар, Өтек, Жиренқопа, Көк үй, Қоғалы) газдандыруға ЖСҚ  дайындау.

Аталған мәселе бойынша Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасымен пысақталды. Басқарма тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Қазіргі кезде бұл мәселе Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасымен бірлесіп шешу жолдары қаралуда.

 

орындалуда

2.        

Жарсай, Жаңаталап, Терісаққан елді мекендеріне газдандыру  жұмыстарын жүргізу.

Аталған нысандарға облыстық бюджеттен 2.3 млн тг бөлініп,  ЖСҚ әзірленді. Бүгінгі күні жоба сараптамадан өткізілуде. 2021 жылғы республикалық бюджеттің нақтылауына бюджеттік  өтінім ұсынылуы жоспарланып отыр.

Орындалуда

 

3.        

Қобда ауылында кәріздік тазарту құрылғысының (КОС) құрылысы және  Қобда ауылына су бұру жүйесінің қайта құру құрылысы жұмыстарына  қаражат бөлу.

Қобда ауылында кәріздік тазарту құрылғысының (КОС) құрылысына жергілікті бюджеттен 5.950 млн теңгеге ЖСҚ әзірленді. Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптамадан өткізілуге жабдықталуда. Сараптаманың оң қорытындысы алынғасын, Облыстық энергетика тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы жоғары бюджетке ұсынылады. 

Қобда ауылына су бұру жүйесінің қайта құру құрылысы «Жұмыспен қамту жол картасы»бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 227 млн тг қаражат бөлініп, жүзеге асырылуда. Нысан 2020 жылдың қазан айында қолданысқа беріліп, жұмыстар толық аяқталды.

Орындалуда

 

4.        

Қобда ауылында 2  екі қабатты жалдамалы-коммуналды тұрғын үйдің құрылысы.

Аталған нысанға  жергілікті бюджеттен ЖСҚ әзірлеуге4,0 млн тг қаражат бөлініп, бүгінгі күні жобалау жұмыстары аяқталды. Жоба ведомствадан тыс сараптамаға жолданып, 2021 жылдың қаңтар айының 15-не қорытындысын алу жоспарлануда.

Орындалуда

 

5.        

Қобда аудандық өрт сөндіру бекетіне жаңа ғимараттың  құрылысы.

Облыстық сәулет, қалақұрылыс және құрылыс басқармасына облыстық бюджеттен аталмыш нысанға  80,0 млн тг бөлінді.  Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2021 жылға жоспарланды.

Орындалуда

 

 

 

6.        

Терісаққан елді мекенінде типтік үлгідегі 60 орындық мектептің құрылысына қаражат бөлу.

Жергілікті бюджеттен 4,2 млн теңгеге жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді. Жоба сараптамадан өтуде, 2021 жылдың қаңтар айының 15-не қорытындысын алу жоспарлануда. Экспертиза  қорытындысымен облыстық бюджетке өтінім жолданады.  Облыстық білім басқармасына аудан әкімі орынбасары І.Д.Тынымгеревтың атынан Аумақты дамыту бағдарламасының «Апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымды мектептер саны» нысаналы  индикаторға өзгеріс енгізу туралы хат жолданды (13.10.2020 жылғы  No03-16/1589 хат).

Орындалуда

 

 

7.        

Бегалы негізгі мектебінің күрделі жөндеуі.

Бегалы негізгі мектебінің күрделі жөндеу жұмысына  республикалық бюджет есебінен 59439,2 мың теңге көлемінде к қаражат бөлінді. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың  шілде айының 07 күні аяқталды.

Орындалды.

 

8.        

И.Білтабан атындағы орта мектебінің күрделі жөндеуі.

И.Білтабанов ат.орта мектебінің 72976,3 мың теңге  жөндеу жұмысына  қаражат бөлінді, 60836,102 мың теңге игерілді. Жұмыс 2020 жылғы 30 шілдеден басталып, қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Орындалды

 

9.        

Бестау, Бесқұдық, И.Білтабан, Терісаққан ауылындарына кіреберіс жолдарын жөндеуге ЖСҚ дайындау.

Бестау, И.Білтабанов, Терісаққан кіреберіс жолдарын жөндеуге ЖСҚ әзірлеу үшін жерглікті бюджеттен 1,1 млн теңге қаражат бөлінді. Жоба дайындалып ҚРИИДМ  Автомобиль жолдары комитетінің "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" ШЖҚ РМК тиісті қорытынды алынып, жөндеу жұмыстарына бюджеттік өтінім берілген.

 Бесқұдық  ауылына кіреберіс автомобиль жолы бойынша аудандық бюджеттен 72 млн қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары 80 пайызға орындалыр, 20% жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты 2021 жылға ауыстырылды.

Орындалуда

 

10.     

Қобда ауылындағы Абай, А.Әкімжанов, Алтынсарин, И.Білтабанов, ағайынды Көпжасаровтар көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Қобда ауылы «Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы» арқылы А.Әкімжанов көшесіне күрделі жөндеуді мердігер «БайнурСтройМонтаж» ЖШС –гі жұмыстарды аяқтады. Жобаның жалпы құны 115 млн 499,802 мың теңге. Көшенің ұзындығы 1.6 км құрайды. Қазіргі таңда жұмыстар толық аяқталып қолданысқа берілді.

 Ы.Алтынсарин көшесіне орташа жөндеу жұмыстары Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды. Мердігер - «Құрылысгрупп» ЖШС. Жобаның жалпы құны 59 млн 134, 600 мың теңге. Көшенің ұзындығы 0,855 км құрайды. . Қазіргі танда жұмыс 100 пайызға орындалды.

 Қобда аулылы Абай көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 80 пайызға атқарылып тұр.Ауа райының қолайсыздығына байланысты 20%  жөндеу жұмыстары 2021 жылға ауыстырылды.

И.Білтабанов, Ағ.Көпжасаровтар, көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп тиісті сараптамадан оң қорытынды алынды. Жоғарыда аталған көшелердің жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы арқылы  2021 жылы Ауыл Ел Бесігі бағдарламасына ұсыну жоспарлануда.

Орындалуда

 

Қобда ауданының әкімі                                                                       Б.Кулов

Аудан әкімдерінің 2020 жылдағы есеп беру барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Дата публикации
14 января 2021