Қобда аудандық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Қобда аудандық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы            29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына,  101-бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 қаулысын басшылыққа ала отырып, Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қобда ауданында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  3. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

                        Төрағасы

Б.Отаралова

 

 

                        Хатшы

М.Қожабекова

 

 

13 қазан 2026 жыл

№67

 

Дата публикации
14 октября 2026