
Мал шаруашылығы
Ауданда 424 шаруашылық құрылымдарының 273-і мал шаруашылығымен айналысады, оның 8-і асыл тұқымды мал басын көбейту және асылдандыру бағытында.
Аудан көлемінде мүйізді ірі қара мал саны 47 406 (114,8%), қой және ешкі 122 400 (112,0%), шошқа 216 (96%), жылқы 14 322 (134,0%), құс 62 402 (101,4%).
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 13,4 млрд. теңге, НҚИ өсу қарқыны 105,8%-ға.
Есепті кезеңге 6 345,2 тонна ет (108,5%), 24 825,6 тн.сүт (102,8%) өндірілді, 6 937,2 мың дана (103,0%) тауық жұмыртқасы алынды.
Өсімдік шаруашылығы
Аудан бойынша дәнді-дақылдарды жинау жұмыстары аяқталды. Жалпы 9251 га дәнді-дақыл алқап жиналып, 9714 тонна астық құйыды. Орташа түсім 10,5 ц/га.
Майлы дақылдардан жиналатыны 2403 га, бүгінге 2403 га (100%) жиналып, 2043 тонна өнім алынды (8,5ц/га).
Картоп 237 га (100%) жиналып, өнім 4689 тонна; көкөніс 214 га (100%) жиналып; өнім 4708 тонна, бақша 146 га (100%) жиналып, өнім 3504 тонна алынды.
Күзгі далалық жұмыстарына жалпы 83 тонна дизель отыны бөлінді.Оның 83 тоннасы (100%) тасылып алынды.
АӨК индикативтік жоспарларының орындалуы
ІҚМ сатып алу жоспары 900 бас, 9 айдың қорытындысы бойынша барлығы 1065 бас ірі қара мал алынды, жоспар 118%-ға орындалды. Жыл соңына дейін тапсырма толығымен орындалады.
ҰҚМ сатып алу жоспары 2100 бас,9 айдың қорытындысы бойынша 1500 бас алынды. Орындалуы 71 ,4%. Жыл аяғына дейін орындалады.
Бұқашықтарды бордақылау алаңына тапсыру жоспары 1800 бас. Бүгінге 313 бас яғни 18% тапсырылды, жыл соңына дейін тапсырма толығымен орындалады.
ІҚМ тұқымдық түрлендіру жоспары 45,4% бүгінге 45,5% құрайды,тапсырма орындалды.
ҰҚМ тұқымдық түрлендіру жоспары 26,3% бүгінге 28,4% құрайды,тапсырма орындалады.
ІҚМ етінің экспорты: тапсырма 50 тонна, жыл соңына дейін 1000 бас ІҚМ арналған "Береке" ШҚ бордақылау алаңын іске қосу арқылы жоспар орындалады.
Құдық қазу жоспары 5 дана, 15 құдық қазылып жоспар 3 есе орындалды.
Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу тапсырмасы 60 бірлік. Орындалуы 65 бірлік немесе 108 % (оның ішінде 20 бірлік трактор сатып алу жоспары берілді, алынғаны 25 бірлік 125%).
Инвестиция тарту
Шаруашылық құрылымдардан ауыл шаруашылық саласына 1 175,3 млрд теңге инвестиция тартылды,өткен жылмен салыстырғанда 3 есе өсім құрайды.
Үкімет тарапынан бөлінетін субсидия ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне (АШТӨ) беріледі. Субсидия алу үшін субсидиялаудың ақпараттық жүйесі электронды веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталға кіру үшін міндетті түрде ЭЦҚ қажет. АШТӨ-нің ЭЦҚ кілті арқылы өтінім бере алады.