Аудандық сайлау комиссиясына Сарбұлақ және Талдысай ауылдық округтеріне кандидаттыққа өзін-өзі ұсынған екі кандидаттың құжаттары келіп түсті. Кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңына және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкестігі анықталуда.