Қобда ауданында Исатай Тайманұлының туғанына 235 жыл толуына орай ауылдық мәдениет үйлері мен ауылдық клуб көркемөнерпаздарының "Туған жер-тұнған тарих" атты аудандық байқауына және ауыл күндеріне арналған мерекелік іс-шараға Жиренқопа ауылдық округі де қатысты. Мерекелік кеш қонақтарына көркемөнерпаздарымыз өз өнерлерін паш етіп, ауылшаруашылық жәрмеңкесі мен қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылып, ұлттық ойындар да орын алды
1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауылымызда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында әр ұлттың мәдениеті мен дәстүрі дәріптеліп, достық пен татулықтың маңызы кеңінен насихатталды. Қатысушылар ұлттық өнер көрсетіп, ән шырқап, би билеп, көтеріңкі көңіл - күй сыйлады.
Бұл күн - барша халықты біріктіретін, ынтымақ пен бірлікті нығайтатын ерекше мереке. Бірлігіміз жарасып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
"Таза Қазақстан" акциясы аясында ауылымызда тазалық жұмыстары жүргізілді. Көшелердегі бағаналар мен ағаштар әктеліп, айнала көркейе түсті. Таза ауыл - жарқын болашақтың кепілі!
"Таза Қазақстан" акциясы аясында ауылдың кіре берісі мен шеткі аумақтары толықтай қоқыстан тазаланды. ұзақ уақыт бойы жиналған тұрмыстық қалдықтар шығарылып, аумақ көркейе түсті.
Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлатудың жана тұжырымдамасы бекітілді. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында онкүндік бастау алып отыр. 14-23 наурыз аралығында әр күнге атау беріліп, соған орай алуан түрлі іс-шаралар өтеді.
Наурыз – ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын , бірлік пен ынтымақты нығайта түсетін ізгі мейрам. Ол енді жаңа сипатта, бағдарламасы байытылған түрде думандатыла бастайды. Мақсат – осы уақытқа дейін қалыптасқан тұжырымды түбегейлі өзгерту емес, көне мерекенің бастапқы мәнін қайтарып, оның қыр-сырын толық ашу.14-23 наурыз аралығындағы онкүндікке «Наурызнама» деген атау беріліп отыр.
Осыған орай Жиренқопа ауылдық округінде әртүрлі іс-шаралар өтеді:
1) 14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі»
2) 15 наурыз –«Қайырымдылық күні»
3) 16 наурыз –"Шаңырақ күні"
4) 17 наурыз – "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні"
5) 18 наурыз – «Ұлттық киім күні»
6) 19 наурыз – «Жаңару күні»
7) 20 наурыз –«Ұлттық спорт күні»
8) 21 наурыз –«Ынтымақ күні»
9) 22 наурыз – «Жыл басы-Наурыз мейрамы»
10)23 наурыз – «Тазару күні»
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Жиренқопа ауылында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында ауыл әкімі А.Манашев ауылдың аяулы аналары мен қыз-келіншектерін мерекемен құттықтап, ауылдың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматшаларды Алғыс хатпен марапаттады. Әдемі кеште ән шырқалып, би биленіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар нәзік жандыларға гүл шоқтары табысталып, ақжарма тілектер айтылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.
Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.
Бұл ретте, азамат М. Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құралын тіркеу үшін жүгінген.
Қызмет алу барысында, олҚР Салық кодексінің 622-бабы 5) тармақшасына сәйкес, яғни мүгедектігі бар баланың әкесі болғандықтан, мемлекеттік БАЖ төлеуден босатылғандығы туралы мәлімдеген.
Алайда, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде қызмет алушыныңжеңілдіктері туралы мәлеметтер шықпаған соң, оған мемлекеттік БАЖ-дың толық мөлшерін төлеугетура келді.
Алайда, азамат М. мұндай жағдаймен келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізіндеқызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, тексеріс қорытындысымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде жеңілдіктерібар түлғаларға қатыстытолық мәліметтерді көрсетпеу салдарынан, мемлекеттік БАЖ толығымен алынғандығы анықталды.
Осыған сәйкес, Департаментпен қызмет алушыға мемлекеттік БАЖ сомасы толығымен қайтару туралы ұсыным енгізіліп, бұзылған құқықтарын толықтай қалпына келтірді.
Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.
Мархабат Ерсаматұлы Жонысов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.