GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
05 июля 2024
Аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев Терісаққан ауылындағы жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев Терісаққан ауылындағы жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылыс компаниясы оқу жылы басталуына орай, тамыз айының аяғына қарай құрылыс жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр.

05 июля 2024
Қобда ауданының және Терісаққан ауылдық округі әкімдерінің ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті

26 маусым күні аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев Терісаққан ауылдық округіне қарасты Жаңаталап және Терісаққан ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында округ әкімінің есебі тыңдалып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.

30 мая 2024
Қызмет алушының құқықтары қорғалды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.

Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.

Бұл ретте, азамат М. Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құралын тіркеу үшін жүгінген.

Қызмет алу барысында, ол ҚР Салық кодексінің 622-бабы 5) тармақшасына сәйкес, яғни мүгедектігі бар баланың әкесі болғандықтан, мемлекеттік БАЖ төлеуден босатылғандығы туралы мәлімдеген.

Алайда, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде қызмет алушының жеңілдіктері туралы мәлеметтер шықпаған соң, оған мемлекеттік БАЖ-дың толық мөлшерін төлеуге тура келді.

Алайда, азамат М. мұндай жағдаймен келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізінде қызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, тексеріс қорытындысымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде жеңілдіктері бар түлғаларға қатысты толық мәліметтерді көрсетпеу салдарынан, мемлекеттік БАЖ толығымен алынғандығы анықталды.

         Осыған сәйкес, Департаментпен қызмет алушыға мемлекеттік БАЖ сомасы толығымен қайтару туралы ұсыным енгізіліп, бұзылған құқықтарын толықтай қалпына келтірді.    

Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.

 

 

Мархабат Ерсаматұлы Жонысов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.

30 мая 2024
Ауылдық округтегі сенбілік жұмыстары туралы

Округке қарасты мекемелер тазалық жұмыстарын жүргізді. Ауыл тұрғындарын әрбір сенбі сайын жалғасын табатын екі айлық сенбілікке атсалысуға шақырамыз!

14 марта 2024
«Наурызнама» – Қазақстандағы Наурыз Мейрамын тойлаудың жаңа форматы

«Наурызнама» – Қазақстандағы Наурыз Мейрамын тойлаудың жаңа форматы. Елімізде Наурыз 10 күн бойы тойланады - мерекенің бағдарламасы жарияланды.

14 наурыз күні – Көрісу күні-Амал мерекесі тойланады. Бұл дәстүр негізінде еліміздің батыс өңірлерінде сақталған. Бүгінгі күні аталған мерекені барлық аймақтарда тойлау ұсынылды.

15 наурыз – Қайырымдылық күні. Бұл күн ел бойынша қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арналады.

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Ол күні қазақтың мәдениеті, өнері мен ұлттық құндылықтары кеңінен насихатталады.

17 наурыз – Шаңырақ күні. Осы күні отбасылық құндылықтарымызды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді.

18 наурыз – Ұлттық киім күні. Қазақтың ұлттық киімдерін насихаттауға арналған түрлі іс-шараларды өткізу ұсынылып отыр.

19 наурыз – Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Бұл күні елдің барлық аймақтарында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады.

21 наурыз – Ынтымақ күні. Бұл күннің идеясы – жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау болып табылады.

22 наурыз – Жыл басы. Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылады.

Ал Наурызнаманың қорытынды күні, жаңа жылды қарсы алудың символы ретінде 23 наурыз – Тазару күні деп жарияланды.

Мәдениет
14 марта 2024
«Ана мәңгілік шуақ төккен баласына» атты мерекелік шара өтті

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Терісаққан ауылдық мәдениет үйінде «Ана мәңгілік шуақ төккен баласына» атты мерекелік концерт өтті. Кеш қонақтары ауылымыздың ардагер ұстаздары, ақ жаулықты әжелер мен көп балалы аналардың құрметіне ауылдық өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті. Ауыл әкімі Клютов Асылбек Қуанбайұлы аналарымызды құттықтап мерекелік жайылған дастарханға шақырды. Ауыл аналары ризашылықтарын білдіріп жақсы көңіл күйде тарады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы