Ағымдағы жылдың 10-тамыз күні облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бірінші жәрмеңкесіне, Қобда ауданы өз өнімдерін Табыс коммуналдық базары алаңына әкелді.
Бүгін аудан орталығындағы “Отан-Ана” саябағында Ақтөбе қаласының 155 жылдығына және Қобда ауданының 95 жылдығына орай “Туған жерің-тұғырың” атты ауыл күндері мерекесі өтті.
▫️Бекітілген жоспар бойынша ауылдық округдердің өнерпаздары әр жұма сайын аудан тұрғындар назарына мерекелік шарасын ұсынады.
▫️Бүгін Жиренқопа, Көк үй, Қаракемер, Қызылжар ауылдарының өнерпаздары өнер көрсетіп, ауылдық округ әкімшілігінің ұйымдастыруымен жәрмеңкелер, спорттық шаралар, тарихи көрмелер өтті.
▫️Кеш барысында Ауылдық округтердің атынан халыққа тегін палау, Жиренқопа ауылының атынан тегін балмұздақтар таратылды.
▫️Шараға қатысқан аудан жұотшылығы өз алғыстарын білдірді.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына 15 маусымға дейін құжаттар қабылдау жалғасуда.
Облыстық кезеңнен кейін комиссия «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты болатын бір отбасын таңдайды.
Конкурсқа қатысуға отбасы мүшелерінің еңбек, спорт, зияткерлік, шығармашылық, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді қатысатын отбасылар жіберіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін сіз қала және аудан әкімдіктерінің жанындағы комиссияларға жүгіне аласыз.
5 маусым күні аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев Сөгәлі ауылдық округіне қарасты Сөгәлі, Қоғалы, Көк үй елді мекендерінің тұрғындарымен кездесті.
▫️Кездесу барысында округ әкімінің есебі тыңдалып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.
▫️Естеріңізге сала кетейік, аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі барлық елді мекендерде кестеге сәйкес өткізілетін болады.
27 мамыр күні Қобда аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы инженер-инспектор Жаңылай Мергенғалиқызы Сөгәлі ауылдық округі ауылшаруашылық техникаларын жыл сайынғы техникалық қарау-тексеруден өткізді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.
Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.
Бұл ретте, азамат М. Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құралын тіркеу үшін жүгінген.
Қызмет алу барысында, ол ҚР Салық кодексінің 622-бабы 5) тармақшасына сәйкес, яғни мүгедектігі бар баланың әкесі болғандықтан, мемлекеттік БАЖ төлеуден босатылғандығы туралы мәлімдеген.
Алайда, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде қызмет алушының жеңілдіктері туралы мәлеметтер шықпаған соң, оған мемлекеттік БАЖ-дың толық мөлшерін төлеуге тура келді.
Алайда, азамат М. мұндай жағдаймен келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізінде қызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, тексеріс қорытындысымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде жеңілдіктері бар түлғаларға қатысты толық мәліметтерді көрсетпеу салдарынан, мемлекеттік БАЖ толығымен алынғандығы анықталды.
Осыған сәйкес, Департаментпен қызмет алушыға мемлекеттік БАЖ сомасы толығымен қайтару туралы ұсыным енгізіліп, бұзылған құқықтарын толықтай қалпына келтірді.
Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.
Мархабат Ерсаматұлы Жонысов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.