GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
05 декабря 2025
АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ӨТКІЗГЕН ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫНАН

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ҚОБДА АУДАНЫ
ҚОБДА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДАСТЫҚ
ӨКІЛДЕРІНІҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ӨТКІЗГЕН ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

21 қараша 2025 жыл  № 1  Қобда ауылы

2025 жылы 21 қарашада күні сағат 15.00–де Қобда ауылдық округінің  әкімшілік ғимаратында жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысы өтті.

Жиналысқа қатысқаны -15.

Төрағалық етуші: Нуржанов Асқар – жергілікті қоғамдастық кеңес төрағасы.

Хатшысы: Ещанова Нурбибе  - жергілікті қоғамдастық кеңес хатшысы.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Қобда ауылындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы шығып сөйлеушілер өз пікірлерін білдірді.

 

Жиында айтылған ұсыныс пікірлерді қорытындылай келіп, жергілікті қоғамдастық комиссия мүшелерінің жиыны шешім етеді:

 

Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының кезекті қарауына Қобда ауылындағы атауы жоқ көшелерге - Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат  Бигелдинов, Нұржанов Қожахмет және  Нұрғали Бітіков есімдерін беру ұсынылсын.

 

Жиынның төрағасы: А.Нұржанов

 

Хатшысы: Н.Ещанова

28 октября 2025
ХАБАРЛАМА

        «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 211 бұйрығына сәйкес 2025 жылы 21 қараша күні сағат 15:00 –де Қобда ауылдық округінің ғимаратында жиын өтеді.

         Күн тәртібінде: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылындағы көшелерге атау беру мәселесін қарастыру.

30 мая 2024
Қызмет алушының құқықтары қорғалды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тарапынан азаматтардың құқықтарымен мүдделерінің қорғалуына ерекше назар беріледі.

Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі - халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.

Бұл ретте, азамат М. Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына көлік құралын тіркеу үшін жүгінген.

Қызмет алу барысында, ол ҚР Салық кодексінің 622-бабы 5) тармақшасына сәйкес, яғни мүгедектігі бар баланың әкесі болғандықтан, мемлекеттік БАЖ төлеуден босатылғандығы туралы мәлімдеген.

Алайда, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде қызмет алушының жеңілдіктері туралы мәлеметтер шықпаған соң, оған мемлекеттік БАЖ-дың толық мөлшерін төлеуге тура келді.

Алайда, азамат М. мұндай жағдаймен келіспей, Департаментке шағым жолдаған болатын. Шағым негізінде қызмет берушіге қатысты жоспардан тыс тексеру ашылып, тексеріс қорытындысымен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде жеңілдіктері бар түлғаларға қатысты толық мәліметтерді көрсетпеу салдарынан, мемлекеттік БАЖ толығымен алынғандығы анықталды.

         Осыған сәйкес, Департаментпен қызмет алушыға мемлекеттік БАЖ сомасы толығымен қайтару туралы ұсыным енгізіліп, бұзылған құқықтарын толықтай қалпына келтірді.    

Жоғарыдағылардың негізінде, егерде Сіз негізсіз бас тарту, артық құжаттарды талап ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің талаптарын бұзу немесе қызмет беруші ұйымдары тарапынан белгіленген мерзімде шағымыңызға жауап бермеу фактілермен кезіккен жағдайда, Департаментке Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы 40 мекенжайы бойынша немесе 55-09-68, 54-56-57 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жүгінуге болатындығын жеткіземіз.

 

 

Мархабат Ерсаматұлы Жонысов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы.

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы