
Қобда ауданы бойынша барлығы 44 мәдениет ошағы жұмыс жасайды. Індет кезінде мәдениет нысандары жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Жыл бойына 366 шара дәстүрлі түрде өтсе, 1079 шара онлайн режимде өткізілді.
Қобда ауданды бойынша барлығы 44 мәдениет нысандары, оның ішінде 23 клубтық мекеме, 21 кітапхана қызмет етеді. Тұрақты түрде 110 клубтық әуесқой үйірмелер жұмыс жасап, оған 1134 адам қатысады.
4 халықтық шығармашылық ұжым қызмет етеді. Олар: "Қарлығаш" халықтық би ансамблі, "Гүл-М-Жан" вокалды ансамблі, "Айқаракөз" әжелер ансамблі, "Сынтас" жастар театры.