Бұлақ ауылдық округіне қарасты Әлия ауылында өрт сөндіру бекетінің құрылыс жұмыстары басталды.
Аталған нысан ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге және өрт алдын алу шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға шұғыл (экстренді) және жоспарлы стоматологиялық көмек Ақтөбе облыстық балалар стоматологиялық емханасы және оның филиалында МӘМС шеңберінде көрсетіледі.
Жыл сайын жазғы демалыстың соңында, оқу жылы басталар алдында Балалар стоматологиялық емханасының қызметтеріне сұраныстың артуы байқалып отыр. Бұл кезеңде профилактикалық тексеруден өту, ауыз қуысын санациялау және қажетті емді оқу жылы басталғанға дейін аяқтау мақсатында жүгінетіндер саны айтарлықтай көбейеді. Күніне орта есеппен 130-дан астам пациент терапиялық, 65-тен астам пациент хирургиялық стоматологиялық көмек алады. Осыған байланысты қысқа мерзім ішінде дәрігерлерге түсетін жүктеме артады.
Негізінен, балаларды стоматологиялық көмек алу үшін МӘМС аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының медициналық қызметтерді жеткізушілері ретінде танылатын басқа да медициналық ұйымдарға да апаруға болады:
Бұдан өзге, ата-аналар тарапынан балаларының тісін емдетуге қатысты қандай да
бір мәселелерді жеке тәртіпте қарау және шешу үшін емхананың Пациенттерді қолдау қызметіне немесе Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Аманжулова Айгүл Құрманғазиевнаға жүгінуге болады.
Қызмет бағыты
2026 жылдың басынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің ауылдық елді мекендер тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу және цифрлық сервистерді пайдалану бойынша оқыту жұмыстарын жүргізді. Бір жарым ай ішінде еліміздің түрлі өңірлерінен 18 мыңнан астам азамат оқудан өтті.
Қазақстан Республикасында жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастама халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге және оларды онлайн форматта өз бетінше алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Өңірлер арасында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында оқытылған азаматтар саны басым.
Оқу сабақтарын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары еліміздің әр өңіріндегі ауылдық округтер мен елді мекендерде өткізді.
Сонымен қатар, жыл басынан бері «Таным» корпоративтік оқу орталығының қатысуымен облыс орталықтарында 5 мыңға жуық азамат оқытудан өтті. Сабақ барысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық инфрақұрылымның негізгі құралдары мен мүмкіндіктерін меңгерді.
Еске сала кетейік, электрондық мемлекеттік қызметтерді және заманауи онлайн-сервистерді пайдалануды тегін үйренгісі келетін азаматтар үшін еліміздің әр облыс орталығында оқу сыныптары жұмыс істейді. Сабақтар сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.
Ақтөбе облысында биылғы егін жинау науқанына қажетті ауыл шаруашылығы техникасы мен дизель отынының жеткілікті қоры қамтамасыз етілді. Шаруа қожалықтарына дизель отыны нарықтық бағадан 15 пайызға дейін төмен бағамен жеткізілуде.Өңірдегі күзгі дала жұмыстарына барлығы 8 000 тонна дизель отыны бөлінді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін оның бағасы литріне 278 теңгені құрайды.
Мұнай өңдеу зауытынан өңірге дизель отынын жеткізу кестесі тамыз бен қараша аралығындағы кезеңге бекітілді. Тамыз айына бөлінген дизель отыны Атырау мұнай өңдеу зауытынан «AZS-Lider» ЖШС операторы арқылы өңірге жеткізіліп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына таратылуда.Сонымен қатар, егін жинау науқанына шамамен 600 комбайн, 1500 трактор, 800-ге жуық трактор тіркемесі және 500-ге тарта жүк көлігін жұмылдыру жоспарланған.
Машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары да жалғасуда. Жыл басынан бері облыста 316 жаңа ауыл шаруашылығы техникасы, соның ішінде 295 трактор мен 21 астық жинайтын комбайн сатып алынды.Биыл облыста жалпы ауданы 525 мың гектар жерден егін жинау жоспарланып отыр. Оның ішінде 435 мың гектарға дәнді дақылдар, 84 мың гектарға майлы дақылдар, ал 6 мың гектарға картоп, көкөніс және бақша дақылдары егілгенОсылайша, егін жинау науқанына қажетті негізгі ресурстар — ауыл шаруашылығы техникасы мен дизель отыны — жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілді.
Облыс әкімі Асхат Шахаров жұмыс сапарымен Қобда ауданындағы Әлия ауылы болды.
Өңір басшысы мұнда салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты.
Спорт нысанының құрылысы 2025 жылдың мамыр айында басталған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 85 пайызы аяқталған. Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарасқан Темірбаевтың айтуынша, қазір ғимараттың ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар футбол және баскетбол алаңдарының негізі бетондалып, қоршаулар мен ашық аспан астындағы жаттығу құрылғылары орнатылуда. Нысан аумағын абаттандыру жұмыстары да қатар атқарылып жатыр.
Жобаны іске асыруға 975 миллион теңге бөлінген. Кешен пайдалануға берілгеннен кейін мұнда 75 жаңа жұмыс орны ашылады.
Мердігер ұйым «Интерстиль» ЖШС құрылыс жұмыстарын биылғы қыркүйек айында аяқтауды жоспарлап отыр.
Аталған дене шынықтыру-сауықтыру кешені Әлия ауылындағы алғашқы заманауи спорт нысаны болмақ. Нысан іске қосылған соң, ауыл тұрғындары ойын спорт түрлерімен шұғылданып, күреспен айналысуға және дене дайындығын жетілдіруге барлық қажетті жағдайға ие болады.
«Ауылдық елді мекендерде заманауи спорт нысандарын салу – тұрғындардың денсаулығына, өскелең ұрпақтың болашағына салынған инвестиция. Біздің мақсатымыз – ауыл тұрғындарына да қаладағыдай спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасау. Кешен пайдалануға берілгеннен кейін балалар, жастар және ересектер жыл бойы дене шынықтырумен айналысып, өз қабілеттерін шыңдай алады. Бұл нысан Әлия ауылы тұрғындарының басын қосатын маңызды орталыққа айналып, бұқаралық спорттың дамуына тың серпін береді деп сенемін», – деді облыс әкімі.
Жұмыс сапары барысында Асхат Шахаров мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
2026 жылғы 6 тамызда Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Қобда ауданына жұмыс сапарымен барады.
Сапар барысында өңір басшысы Бұлақ, Әлия, Қобда, Жиренқопа және Көк үй ауылдарындағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралайды. Атап айтқанда, денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен, Махамбет Өтемісұлы көшесіндегі автомобиль жолының құрылысымен, сондай-ақ Жиренқопа мен Көк үй ауылдарын табиғи газбен қамтамасыз ету жобасының іске асырылу барысымен танысады.
Сонымен қатар, облыс әкімі Абат-Байтақ кесенесіне барып, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізеді. Кездесулер барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жобалардың орындалу барысы талқыланады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер қосылады. Бұл азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға қайта бармай, оларды көрсетілген мекенжайдан қабылдауға мүмкіндік береді.
Бүгінде 15 мемлекеттік қызмет түрі бойынша дайын құжаттарға тапсырыс беруге болады. Олардың қатарында мұрағаттық анықтамалар беру, баланың тууын және некені бұзуды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді қалпына келтіру және куәліктерді қайта беру, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, сондай-ақ ресми құжаттарға апостиль қою қызметтері бар.
Құжаттарды жеткізу сервисіне тапсырысты мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде беруге болады. Сервис ақылы негізде көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қалаларда, яғни Астана, Алматы және Шымкентте қызмет құны 2 061 теңгені, ал басқа өңірлерде 1 036 теңгені құрайды.
Құжат дайын болған кезде қызмет алушының телефон нөміріне 1414 нөмірінен бірегей растау коды көрсетілген SMS-хабарлама келеді. Қауіпсіздік мақсатында кодты курьерге құжатты алған сәтте хабарлау қажет. Код дайын құжаттың тікелей өтініш берушінің өзіне табысталғанын растау үшін қолданылады. Сонымен қатар құжатты алу кезінде жеке куәлікті көрсету қажет.
Мемлекеттік корпорация үшін цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік қызметтерді азаматтарға барынша қолайлы форматта ұсыну негізгі бағыттардың бірі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтардың уақытын үнемдеуге, қызмет алу үдерісін жеңілдетуге және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи шешімдерді одан әрі енгізуді жалғастырады.
Елімізде жыл сайын шілденің төртінші жексенбісінде сауда қызметкерлері күні аталып өтеді. Мерекеге орай, Ақтөбе облысының 2026 жылдың І жартыжылдығындағы сауда саласының қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз.
Есепті кезеңде өңірдің жалпы сауда көлемі 1 296,3 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 101,9%-ке жетті.
Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жалпы сауда көлемі 207,1 млрд теңгеге артқан. Оның ішінде көтерме сауда көлемі 855,1 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 100,8%, бөлшек сауда көлемі 436,5 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 104,4% болды.
Сауда құрылымында мұнай өнімдері, хром кендері, автомобильдер, тамақ өнімдері және жанар-жағармай негізгі үлесті иеленеді. Сонымен қатар, бөлшек саудада азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша да оң өсім сақталды.
Сауда саласы өңір экономикасының маңызды драйверлерінің бірі ретінде халықты қажетті тауарлармен тұрақты қамтамасыз етіп, кәсіпкерліктің дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына өз үлесін қосуда.
Домбыра – қазақ халқының төл мұрасы, ұлттық рух пен мәдениеттің символы. Қос ішектен төгілген әрбір күй халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін және рухани құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.
✨ Ұлттық домбыра күні – ұлттық өнерді дәріптеп, күй өнерінің қадірін арттыратын ерекше күн. Домбыраның қоңыр үні ұлтымыздың рухын асқақтатып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай береді.