Өздеріңізге белгілі ауылдың барлық тыныс тіршілігіне барынша араласып отыратын мекеме ол Мәдениет үйі. Мәдениет үйінде бес түрлі үйірме жұмыс жасайды, Домбыра үйірмесі, Вокал үйірмесі, Көркем сөз үйірмесі, Би үйірмесі және театр үйірмелері. Мәдениет үйі 130 орындық және онда модельдік кітапханасы орналасып, жұмыс жасайды, 10 адам қызмет атқарады. Бұлақ ауылында 60 орындық ауылдық клуб пен кітапханада 3 адам қызмет атқарады. Мәдениет үйінде жыл бойына түрлі мемлекеттік шаралар аталып өтуде. Жылма-жыл, қаңтар айында, Әлия апамыздың қайтқан күніне орай, еске алу кештері ұйымдастырылады. Сонымен қатар кітапханада атаулы қоғамдық мереке күндеріне байланысты мәдени шаралар жүргізіледі. Жыл мерекелеріне арналған мерекелік кештер өткізіліп тұрады.Патриоттық тәрбие беру орталығымен бірге, мерекелік шаралар өткізіледі. КВН, әзіл кештері, түрлі кітап көрмелері ұйымдастырылады.
Патриоттық орталықта мәдени-спорттық шаралар өткізуге және жастардың дамуына толық жағдай жасалған. Жылма-жыл дәстүрге айналған Республика көлеміндегі патриоттық әндер байқауы өткізіледі, жергілікті жастар және тұрғындар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар 2020 жылдан қазақша күрес жаттығулары өз жалғасын тапты, оған мектеп оқушылары мен жергілікті жастар белсенді қатысуда, жалпы бұқаралық спорт түрі Әлия аулында жақсы дамыған деп айтуға толық негіз бар.