2026-2028 жылдарға арналған Бұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

2026-2028 жылдарға арналған Бұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Қобда ауылы

2026-2028 жылдарға арналған Бұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

2026 -2028 жылдарға арналған Бұлақ ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 42060,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 7100,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 34960,0 мың теңге;

2) шығындар – 42060,0 мың теңге;

3)таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. Аудандық бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:

меншiкке салынатын салықтар;

тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге ішкі салықтар;

жергіліктік бюджетке түсетін салықтық емес басқа да түсімдер; 

жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер; 

жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем. 

  1. Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 85 000 теңге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге;

3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 50 851 теңге.

  1. 2025 жылға арналған Бұлақ ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен берілген субвенциялар көлемі 34960,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қобда аудандық мәслихатының төрағасы

 

Ж. Ергалиев

Дата публикации
23 декабря 2025