«Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бестау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
- Аз қамтылған адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғызілікті қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
- Мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
- Қоғамдық жұмыстарды, жастар тәжірибесін және қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастырады;
- Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
- Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;
- Халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
- Қылмыстық түзеу инспекциясының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді, басқа да әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.