
Ауылда мал шаруашылығымен 8 шаруа қожалығы айналысады және бір ЖШС асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Ауылда мүйізді ірі қара малдың саны 2 230, қой және ешкі 7 127, жылқы 1 189, құс 1 456.
Өсімдік шаруашылығы
Ауылда дәнді дақылдарды жинау аяқталды. Барлығы 300 га дәнді дақылдар жиналды, бүгінде 300 га (100%) арпа жиналып, 470 тонна өнімділік 15,6 ц/га алынды.
Майлы дақылдардан жиналатыны 200 га, бүгінге 200 га (100%) жиналып, 160 тонна өнім алынды (8ц/га).
Күзгі далалық жұмыстарына жалпы 23 тонна дизель отыны бөлінді. Оның 19.4 тоннасы (84,3%) тасылып алынды.