
Жер ресурстары - ұлттық қазына потенциалы, еліміздің экономикалық байлығы мен әлеуметтік ахуалының басты факторы.
Топырақ құнарлылығын сақтау және арттыруға, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуы мен жер ресурстарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іс - шаралары мен ҚР Жер Кодексі ережелерінің қалтқысыз орындалуы - жер саясатын жүзеге асырудың негізгі бағыты болып табылады.
Ауылдық округ бойынша жалпы жер көлемі-54 903 га, оның ішінде:
1. Елді мекеннің жерлеріне бекітілген - 23 мың 026 га. 2. Ауыл шаруашылығымен айналысатын 9 агроқұрылымда барлығы 31 мың 877 га бекітілген, оның ішінде: - 8 шаруа қожалығына 17 мың 058 га, - 1 ЖШС 14 мың 819 га