Құрметті ардагерлер! Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз! Қарияларымызды құрметтеп, ардақтау – біз үшін парыз. Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз Сіздер, аман-есен жүргейсіздер! Мерекеге орай, Ақтөбе облысының әкімі А.Шахаровтың атынан Қаржы басқармасының басшысы Е.Тұрсынғалиев еңбек ардагерлерін құттықтады. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз!