Ақтөбе облысының
қаржы басқармасының
2022 жылғы « ___» _______
№ ______ бұйрығымен бекітілді
«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы»
мемлекеттiк мекемесiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1) басқарма қызметшiлерiнiң өз құқықтары мен мiндеттерiн атқару кезiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты тәртiбi мен жауапкершiлiгiн қалыптастыру;
2) сыбайлас жемқорлықты уақытында анықтау және оның жағымсыз салдарының алдын алу;
3) басқарма қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт басқарма қызметiнде өз функцияларын жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде қолданылады;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты басқарманың барлық қызметшiлерi орындауға мiндеттi;
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қолданылуы мен орындалуына басқарманың барлық қызметшiлерi жауапты.
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру кезiнде;
2) құзыреттер шегiнде басқармалық және өзге шешiмдердi дайындау және қабылдау кезiнде;
3) нормативтiк-құқықтық актiлер жобаларын дайындау кезiнде;
4) саланың ерекшелiгiне байланысты туындайтын өзге қарым-қатынастар кезiнде қолданылады.
1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн заңнамамен белгiленген тәртiпте және мерзiмде қарау, олар бойынша тиiстi шараларды қолдану;
2) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң тұтынушысы ретiнде жеке және заңды тұлғалардың сұранымдарына толық бейiмделiп, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыру бойынша тұрақты негiзде шаралар қолдану;
3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын шешiмдердi қабылдауда айқындықпен қамтамасыз ету;
4) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлердiң және өзге тұлғалардың iс-әрекетiне ықпалын тигiзу үшiн қызметтiк жағдайды пайдаланбау;
5) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыру, Қазақстан Республикасы заңдарымен орнатылған шектеулер мен тыйымдарды сақтау;
6) бақылау және қадағалау нысандары болып табылмаса немесе тексеру затына жатпаса құжаттар, ақпараттар ұсынуды талап етпеу;
7) тексерiс жүргiзу нәтижесiнде алынған ақпаратты және Қазақстан Республикасы заңдарымен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда, заңмен қорғалатын өзге құпияларды ашпау және (немесе) таратпау;
8) жоғары тұрған (төмен тұрған) органмен немесе өзге мемлекеттiк органмен бұрын тексерiс жүргiзiлген тексерiлетiн субъектiге (объектiге), Қазақстан Республикасы заңдарымен қарастырылған жағдайларды есепке алмағанда, бiр кезең және бiр мәселе бойынша тексерiс жүргiзбеу;
9) тексерiлетiн субъектiлер есебiн мемлекеттiк бақылау және қадағалау мақсатымен шығынды сипаттағы iс-шаралар жүргiзбеу;
10) тексерiлетiн субъектiлер тарапынан анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуларын бақылау және қадағалау iс-әрекетiнiң актiлерiнде толық көлемде көрсету;
11) бұзушылықтарды жою мерзiмдерiн анықтау кезiнде заңдылық, негiздiлiк және парасаттылық принциптерiн ұстану;
12) мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды iске асыру кезiнде тексерiлетiн субъектiлердiң бақылау және қадағалау iс-шараларының мақсаты мен мiндеттерiне жатпайтын мәселелер бойынша байланысуына жол бермеу;
13) басқарманың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiне ықпалын тигiзу үшiн қызметтiк жағдайын пайдаланбау қажет.
10.Тауарлар, жұмыстар мен қызметтер алумен байланысты мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында лауазымды тұлғаларға берілетін ұсынымдар:
1) Мемлекеттік сатып алуға көзделген қаражаттарды үнемді және оңтайлы жарату;
2) Заңда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысуға бірдей мүмкіншіктер жасауға;
3) әлеуетті өнім берушілер арасында шынайы бәсекелестікті қалыптастыру;
4) мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;
5) отандық өнім өндірушілер, отындық жұмыс берушілер мен қызмет көрсетушілерге, халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шекте қолдау көрсету;
6) сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;
7) әлеуетті өнім берушінің өнім берушіні анықтау жөнінде шешім қабылдауға құқығы бар уәкілдік берілген өкілінің немесе тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өкілінің жақын туыстарының, жұбайының немесе жекжаттарының өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуына жол бермеу;
8) атқару құжаттары бойынша орындалмаған міндеттері және борышкерлердің біріңғай реестріне енгізілген әлеуетті өнім берушілерді немесе олармен тартылған қосалқы мердігерлерді /қосалқы орындаушыларды/ мемлекеттік сатып алуға қатысуға жол берілмеуін;
1) қызметкерлерді жоғары тұрған қызметке тағайындау барысында олардың кадр резервінде болуына көңіл аудару;
2) меритократия қағидасын басшылыққа алу;
3) қызметке тағайындау кезінде белгіленген қызметке тағайындау мерзімдерін сақтау және сақталуына бақылау жүргізу;
4) Кадрды іріктеу кезінде ҚР Заннамасының талаптарын сақтау;
5) мемлекеттік қызметкерлердің персоналды мәліметтерінің негізсіз таралуына жол бермеу;
6) басқарма қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеп-тексеруді объективті және жан-жақты жүргізу;
7) қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан лауазымды тұлғаларға қандай да бір жеке сипаттағы қызмет көрсетуді талап ету немесе өтініш айтуға жол бермеу;
1) мүдделер қайшылығына жол бермеу қажет, олар туындаған жағдайда оларды Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жою бойынша шаралар қолдану;
2) бақылау және қадағалау iс-шараларын және шешiм шығаруды ұйғаратын өзге iс-әрекеттердi жүргiзу кезiнде мәселелердi әдiлдiкпен қарап шешу, шешiмдердi Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қабылдау;
3) мемлекеттiк қызметшiнiң құзыретiне енетiн шешiмдердi қабылдау кезiнде өзiнiң заңды мiндеттерiмен байланысты ешқандай материалдық игiлiктер, қызметтер мен өзге жеңiлдiктер қабылдамау;
4) өкiлеттiктердi өзiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттемелерге сәйкес жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасын, тексерiлетiн субъектiлердiң құқығы мен заңды мүдделерiн сақтау;
6) тексерiстердi Қазақстан Республикасының кодекстерiмен және (немесе) заңдарымен, нормативтiк-құқықтық актiлерiмен орнатылған тәртiпке сәйкес және негiзiнде жүргiзу;
7) тексерiс кезеңiнде тексерiлетiн субъектiлердiң орнатылған жұмыс тәртiбiне кедергi келтiрмеу;
8) Қазақстан Республикасы заңнамасымен орнатылған талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жол бермеу бойынша өкiлеттiкке ұсынылған iс-шараларды уақытында және толық көлемде орындау;
9) тексерiс жүргiзу нәтижесiнде алынған құжаттар мен мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз ету қажет.
1) мемлекет мүдделерiне зиян келтiретiн, мемлекеттiк органдардың қызмет ету тиiмдiлiгiне кедергi келтiретiн немесе төмендететiн iс-әрекеттерге қарсы тұру;
2) заңмен тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту қарастырылған терiс қылықтар және өзге заң бұзушылықтар жасауға жол бермеу;
3) iскерлiк этикеттi және ресми тәртiп ережелерiн сақтау қажет.
1) егер мемлекеттiк қызметшi сыбайлас жемқорлық бұзушылық туралы ақпаратпен хабардар болса, ол осындай заң бұзушылықты жою және тоқтату бойынша қажеттi шаралар қолдануы керек, соның iшiнде тез арада жазбаша түрде жоғарыда тұрған басшысын, жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның басшылығын, уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды хабардар етуге;
2) сондай-ақ мемлекеттiк қызметшi тез арада жазбаша түрде көрсетiлген тұлғалар мен органдарды оны өзге тұлғалармен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа иiлдiру жағдайлары туралы хабардар етуге мiндеттi.