2020 жылдың 1 қыркүйегіне
Ақтөбе облысы бойынша бюджетінің орындалуы
2020 жылдың 1 қыркүйегіне облыс бюджетінің кірістері республикалық бюджеттен түскен трансферттерді қоса алғанда 117,1 пайызға орындалды, жоспар 180 045 592,9 мың теңге кезінде кассалық орындалуы 210 843 922,0 мың теңгені құрады.
Бюджеттің шығыс бөлігі трансферттерді қоса алғанда 96,2 пайызға орындалды, жоспар 216 323 597,5 мың теңге кезінде 208 199 821,8 мың теңгеге игерілді.
Облыс бойынша бюджеттің шығындарын игеру мынадай деректермен сипатталады:
(мың теңге)
| Атауы | 2020 ж. 1 қыркүйекке | Орындалуы % | |
| Жоспар | Кассалық орындалу | ||
| Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 6 567 641,2 | 6 528 690,7 | 99,4 |
| Қорғаныс | 720 719,5 | 720 434,3 | 100,0 |
| Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | 4 210 636,0 | 3 778 842,7 | 89,7 |
| Бiлiм беру | 82 159 113,5 | 81 366 646,7 | 99,0 |
| Денсаулық сақтау | 9 460 441,7 | 9 139 026,4 | 96,6 |
| Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру | 8 908 573,4 | 8 883 928,8 | 99,7 |
| Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 26 917 716,0 | 26 234 366,9 | 97,5 |
| Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк | 10 897 594,7 | 10 306 901,6 | 94,6 |
| Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану | 1 423 460,6 | 1 422 822,7 | 100,0 |
| Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 18 085 598,9 | 17 565 906,3 | 97,1 |
| Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 339 835,7 | 339 627,9 | 99,9 |
| Көлiк және коммуникация | 25 197 181,8 | 21 086 669,5 | 83,7 |
| Басқалар | 8 783 793,3 | 8 174 677,7 | 93,1 |
| Борышқа қызмет көрсету | 16 662,0 | 16 654,1 | 100,0 |
| Трансферттер | 7 272 930,1 | 7 272 930,1 | 100,0 |
| Қарыздарды өтеу | 5 361 699,1 | 5 361 695,4 | 100,0 |
| Жиынтығы | 216 323 597,5 | 208 199 821,8 | 96,2 |