«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ
2022 жылдың қазан айына арналған азаматтық бюджеті
«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ облыс әкімдігінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 171 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде әрекет етеді. Мекеменің миссиясы – бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және облыстың коммуналдық меншігін тиімді басқару.
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылдың 28 қазандағы №156 шешімі, Ақтөбе облысы әкімнің 03 қараша 2022 жылғы №363 қаулысы мен «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ төмендегі бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат бөлінді:
257 001 015 «Жергілікті бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 2022 жылға 10 058,0 мың теңгеге ұлғайтылды;
257 113 011 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен - 2022 жылға 13 568,0 мың теңгеге азайтылды;
257 113 055 «Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер» Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен - 2022 жылға 15 435,0 мың теңгеге азайтылды;
257 012 101 «Шұғыл шығындарға арналған облыстық жергілікті атқарушы органының резерві» - 2022 жылға 99 143,0 мың теңгеге азайтылды;
257 004 100 «Жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету» қарыздар бойынша сыйақылар, өзге де төлемдерді төлеу үшін - 2022 жылға 6 134,0 мың теңгеге ұлғайтылды;
257 016 015 «Жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету» жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 2022 жылға 51,0 мың теңгеге ұлғайтылды.
257 015 015 «Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджетке берешегін өтеу» жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 2022 жылға 51,0 мың теңгеге ұлғайтылды.
257 057 015 «Қазақстан Республика Ұлттық қорынан трансферттер есебінен республикалық бюджеттен берілген пайдалынылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару» жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 2022 жылға 696 799,0 мың теңгеге ұлғайтылды.