Пресс-релиз 2024 - 2026 ж

«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ

2024 жылдың мамыр айына азаматтық бюджеті

 

 

«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ облыс әкімдігінің 2022 жылғы 06 маусым №171 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде әрекет етеді. Мекеменің миссиясы – бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және облыстың коммуналдық меншігін тиімді басқару.

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылдың 27 мамырдағы №138   «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  шешімі негізінде «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ төмендегі бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат бөлінді:

 

257 012 бағдарлама «Облыстық жергілікті атқарушы органының резервi» , 100 кіші бағдарлама «Облыс аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған облыстық жергілікті атқарушы органының төтенше резерві» бойынша – 10 000 000,0 мың теңгеге ұлғайтылды.

 

257 004 бағдарлама «Облыстық жергілікті атқарушы органдардың қарыздарына қызмет көрсету», 100 кіші бағдарлама «Несие бойынша пайыздарды және басқа төлемдерді төлеу» бойынша – 179 143,0 мың теңгеге ұлғайтылды.

 

 257 016 бағдарлама «Республикалық бюджеттен кредиттер бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету», 015 кіші бағдарлама «Жергілікті бюджет есебінен» бойынша – 1 832,0 мың теңгеге ұлғайтылды.

Дата публикации
31 мая 2024