Азаматтық бюджет 2024 жылға арналған "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" ММ нақтылау (Сәуір)

«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ
2024 жылдың сәуір айына азаматтық бюджеті


«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ облыс әкімдігінің 2022 жылғы 06 маусым №171 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде әрекет етеді. Мекеменің миссиясы – бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және облыстың коммуналдық меншігін тиімді басқару.

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылдың 10 сәуірдегі №133 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №74 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімі және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі №84 «Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 364 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы негізінде «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ төмендегі бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат бөлінді:

257 012 бағдарлама «Облыстық жергілікті атқарушы органының резервi» , 100 кіші бағдарлама «Облыс аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған облыстық жергілікті атқарушы органының төтенше резерві» бойынша – 10 000 000,0 мың теңгеге ұлғайтылды.

257 012 бағдарлама «Облыстық жергілікті атқарушы органының резервi» , 102 кіші бағдарлама «Соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған облыстық жергілікті атқарушы органының резерві» бойынша – 50 000,0 мың теңгеге азайтылды.

Азаматтық бюджет 2024 жылға арналған "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" ММ нақтылау (Сәуір)
Дата публикации
15 апреля 2024