«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы»ММ 2021 жылдың 5 айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Ішкі талдау объектісі - қаржы басқармасының құрылымдық бөлімшелері
Ішкі талдауды жүргізу негізі – басқарма басшысының 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 31 бұйрығымен басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауды жүргізу қағидасына сәйкес жүргізілді.