GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Сайлау
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
ТКШ және абаттандыру
18 октября 2026
🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
🇰🇿 Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауданда жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
🌱 Сенбілік барысында аудан аумағын абаттандыру, көшелер мен қоғамдық орындарды тазарту, қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілді.
🤝 Игі бастамаға аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
🌍 Тазалық – ортақ жауапкершілік, туған жерге деген сүйіспеншіліктің көрінісі. Қоршаған ортаны қорғау және ауданның көркін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Таза аудан – жарқын болашақ кепілі! 💚

https://www.instagram.com/reel/DempCOqiOJQ/?exln=dXI5dGczOGsyd2Q5

16 октября 2026
Туған өлкенің дамуына қосқан үлес: ауданда 8-ші шақырылым депутаттарына құрмет көрсетілді

Туған өлкенің дамуына қосқан үлес: ауданда 8-ші шақырылым депутаттарына құрмет көрсетілді
Бүгін, 2026 жылғы 16 қазанда, аудандық мәслихаттың 8-ші шақырылымының бұрынғы депутаттарының қатысуымен маңызды іс-шара өтті. Бұл кездесу өз өкілеттігі кезеңінде ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, ауданымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосқан азаматтарға арналды.
Кездесу барысында аудан әкімі Н.Унербаев халық қалаулыларына белсенді азаматтық ұстанымдары мен жемісті жұмыстары үшін шынайы ризашылығын білдірді. Әкім депутаттық корпустың ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесін ерекше атап өтіп, көптеген маңызды бастамалар мен жобалар олардың қолдауы мен кәсібилігінің арқасында жүзеге асқанын жеткізді.
Құрмет пен еңбектерін бағалау белгісі ретінде 8-ші шақырылымның барлық депутаттарына Ақтөбе облысы әкімінің және Ақтөбе облысы мәслихат төрағасының алғыс хаттары салтанатты түрде табыс етілді.
Сабақтастық, жауапкершілік және қоғамға қызмет ету — ауданымызды дамытудағы басты бағдарымыз болып қала береді. Экс-депутаттарға бірлескен жұмыс үшін алғыс айта отырып, алдағы қызметтеріне жаңа табыстар тілейміз!

https://www.instagram.com/reel/DejbXEbiVNd/?obrf=MTQydG9hMGhueXE2aQ==

16 октября 2026
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КҮЗГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КҮЗГІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аудан аумағында күзгі ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. 🌳
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсарту, көгалдандыру жұмыстарын дамыту және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру.
Ағаш отырғызу – болашаққа жасалған игі қадам. Жасыл желекті көбейту арқылы біз туған өлкеміздің көркеюіне үлес қосып, келер ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалыптастыруға атсалысамыз.
🌿 Туған жерді таза ұстау – баршамызға ортақ міндет! ♻️

https://www.instagram.com/reel/DeijYx6isc-/?utm_source=ig_web_copy_link&exln=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

15 октября 2026
Қарғалы ауданында 2026–2027 жылдардың қысқы кезеңіне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дайындау жұмыстары жалғасуда

Қарғалы ауданында 2026–2027 жылдардың қысқы кезеңіне республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дайындау жұмыстары жалғасуда

Қарғалы ауданы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жолды күтіп-ұстауды «ҚАЖсервис» ЖШС қамтамасыз етеді.

Қыс мезгілінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы техникалар дайындалды. Олардың қатарында роторлы қар тазалағыштар, автогрейдерлер, тракторлар, тиегіштер және аралас жол машиналары бар.

Қысқы кезеңге дайындық аясында құм, тұз және көмір қоры жасақталып, қардан қорғайтын қалқандар мен «Тайғақ жол» ескерту белгілері дайындалуда.

Қабылданып жатқан шаралар қысқы қолайсыз ауа райы жағдайында көлік қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.

https://www.instagram.com/reel/DehnMZMiP-I/?utm_source=ig_web_copy_link&rpxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

14 октября 2026
Әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өтті

Әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өтті

Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Б. Даулов әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу және жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, жұмыс істемейтін және білім алмайтын жастарды анықтау, оларды қоғам өміріне белсенді араластыру, кәсіптік білім алуға бағыттау, сондай-ақ тұрақты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар, жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсету, олардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне мүмкіндік жасау және жұмыспен қамту шараларының тиімділігін арттыру жөнінде пікір алмасты.
Кездесу қорытындысы бойынша жауапты мамандарға тиісті бағыттарда жұмысты жандандырып, NEET санатындағы жастар мен жұмыссыз азаматтарды қолдау шараларын жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігі атап өтілді.

13 октября 2026
Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті.

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті.
Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелеріне қатысты бірқатар тақырып қаралды. Атап айтқанда:
🔹 «Кітап оқитын ұлт» акциясының іске асырылу барысы;
🔹 Ауданның 2026–2027 жылдардағы қысқы кезеңге дайындығы;
🔹 Қарғалы аудандық статистика басқармасының атқарылған жұмыстары;
🔹 Бадамша ауылы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының жүзеге асырылуы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшыларының баяндамалары тыңдалып, алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды.
Аудан басшысы көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.

12 октября 2026
Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам креаторының басын қосқан көрме-жәрмеңке ашылды

Елордада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында «Aqtobe Creative Days мәдени-креативті көрме-жәрмеңкесі жұмысын бастады. Екі күнге жоспарланған шарада Ақтөбе облысының 100-ден астам креаторы 30-ға жуық бағыт бойынша авторлық өнімдерін, шығармашылық жобалары мен жергілікті брендтерін таныстырады.

Іс-шара Креативті индустрияларды дамыту қорының алаңында, Qazaq Creative Hub кеңістігінде өтіп жатыр. Қатысушылар қатарында қолөнер шеберлері, дизайнерлер мен суретшілер, мәдениет мекемелерінің шығармашылық ұжымдары, IT мамандары және Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты курсанттары бар.

Көрмеде зергерлік бұйымдар, тері, ағаш, сүйек пен жүннен жасалған туындылар, киіз бұйымдары, сырмақ, басқұр, ұлттық аксессуарлар мен кәдесыйлар ұсынылған. Келушілер шеберлердің жұмыс барысын көріп, практикалық шеберлік сабақтарына қатыса алады.

Бағдарламада зергер Болат Атыраубаев, киіз басу шебері Рабиға Испулатова, қолөнер шебері Ерқосай Әбілов және суретші Қайрат Ноғаевтың сабақтары қарастырылған. Экспозиция дәстүрлі қолөнер үлгілерімен қатар, заманауи сұранысқа бейімделген авторлық өнімдерді де қамтиды.

Көрме-жәрмеңкенің сән кеңістігінде ақтөбелік жеті дизайнердің топтамалары таныстырылған. Сән көрсетіліміне «SAULEMAI COUTURE», «Trumova Collection», «SYRMAK», «ULPAN SAN UI», «MARKA» сән үйлері мен Azamat SAIN бренді қатысады.

Мәселен, «SYRMAK» дәстүрлі сырылып тігілетін сырт киім үлгілерін заманауи oversize пішінімен үйлестірсе, «Trumova Collection» ұлттық нақышты әйелдер киіміне енгізеді. «ULPAN» мен «SAULEMAI» де дәстүрлі құндылықтарды заманауи сән тілімен жеткізуге басымдық береді.

2015 жылы құрылған Azamat SAIN бренді балалар киімінің топтамасын паш етеді. Бренд сапалы материалдарға, киім бөлшектерінің мұқият орындалуына және заманауи дизайнға мән береді. Оның өнімдері бұған дейін шетелдік сән алаңдарында да таныстырылған.

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған экспозиция да көрме-жәрмеңкеден орын тапты. Әлемге танымал әншінің халықаралық сахнадағы жетістіктері, шығармашылық ерекшелігі және туған өңірімен байланысын көрсететін заттары шараның сәнін келтіріп тұр.

Технологиялық бағытта Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты курсанттарының IT-жобалары таныстырылуда. Бұл бөлім жас мамандардың техникалық шығармашылығын және цифрлық шешімдерді қолдану мүмкіндіктерін көрсетуге арналған.

Сонымен қатар әдебиет пен заманауи визуалды өнердің байланысы да қамтылған. Көрмеде Ақтөбе өңірінен шыққан ақын-жазушылардың кітаптары жинақталған Book Market жұмыс істейді. Кітапхана саласындағы жаңа жобалар мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған бастамалар да бұл креаторлар шарасында паш етілген.

Көрме-жәрмеңке келушілері «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, жас жазушы Әлихан Жақсылықтың Ақтөбе өңіріне арналған анимациялық фильмі, Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының ерекше балаларға арналған «Жыл мезгілдері» инклюзивті қойылымын тамашалай алады.

Музыкалық бағдарламада «SherTer» креативті жобасының орындаулары, «Жеребе life» өнерлі жастар жобасының концерті және жас композитор әрі креатор Серік Закарияның шығармашылық кеші бар.

Ақтөбе облысында бүгінде 3 мыңнан астам мәдениет қызметкері еңбек етеді. «Aqtobe Creative Days» олардың шығармашылық әлеуетін, өңірлік брендтерді және авторлық өнімдерді республикалық аудиторияға таныстыруға мүмкіндік береді. Қолөнер, сән, әдебиет, театр, музыка және IT бағыттарын біріктірген жоба дәстүрлі мәдени мұра мен заманауи креативті индустриялардың өзара байланысын көрсетеді.

ТКШ және абаттандыру
12 октября 2026
«Таза Қазақстан» – таза болашақтың бастауы!

«Таза Қазақстан» – таза болашақтың бастауы!
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауданда ағаш отырғызу жұмыстарына дайындық жүргізілді.
Игі бастамаға аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, туған өлкені көркейтуге және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
🌳 Табиғатты аялау, жасыл желек көлемін арттыру және аудан аумағын абаттандыру – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі істер экологиялық мәдениетті қалыптастырып, келер ұрпаққа таза әрі көрікті орта қалдыруға бағытталған.
Туған жерді түлету – ортақ жауапкершілік! 💚

08 октября 2026
Президент 2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе ұлғаятынын айтты

Президент 2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе ұлғаятынын айтты
Президент Дүниежүзілік банктің бағалауынша, жоспарланған инфрақұрылымдық міндеттер толық жүзеге асырылса, 2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе ұлғаятынын айтты

08 октября 2026
Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға

Ұстаз – ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға

Қарғалы ауданында Ұстаздар күніне орай салтанатты жиын өтіп, білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарға құрмет көрсетілді.

Мерекелік шараға аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев қатысып, барша педагог қауымды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Аудан басшысы ұстаз еңбегінің маңыздылығына тоқталып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектері үшін педагогтерге алғысын білдірді.

Салтанатты жиын барысында білім беру саласында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар ұстазға облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталып, олардың кәсіби еңбегі мен жетістіктері атап өтілді.

Ұстаз еңбегі – ұлт болашағына салынған ең қымбат инвестиция!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы