Ауданымызда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Орталық саябақта аталып өтті.

Ауданымызда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Орталық саябақта аталып өтті.

Мерекелік шараны аудан әкімі А.Жүсібалиевтің құттықтау сөзімен ашты.

Шара барысында балаларға концерттік бағдарламалар, қойылымдар көрсетіліп, түрлі байқаулар, сурет салу, асфальтқа сурет салу байқауы ұйымдастырылып, ойындар ойнатылып, спорттық шаралар өткізілді.

Ойынға және сурет салу байқауына белсене қатысқан балаларға тәттілер таратылып, мақтау қағаздары мен сыйлықтар берілді.

Сонымен қатар, оқушылардың қолынан шыққан қол өнер туындылары сурет көрмесіне қойылды.
Спортқа жаны құмар балалар футбол, баскетбол және асық ату ұлттық ойындарынан өзара сынға түсті. Спорттық жарыстардың жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.
Саябақтағы қызықты репертуарлар, персонаждар, театрландырылған көріністер, әртүрлі аспаптарда музыкалық композициялар балаларға қуаныш сыйлады.