
“Таза Қазақстан” акциясы аясында, облыс әкімдігінің бекіткен жоспарына сәйкес, Қарғалы ауданы аумағында орналасқан “Қасқырлы” сарқырамасы аумағында тазалау жұмыстары ұйымдастырылды.
Аталған акцияға аудан әкімі А.Жүсібалиев, облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысы А.Салықбаев және Қарғалы ауданы әкімдігі қызметкерлері мен еріктілері қатысып, өзен жағалауын қоқыстан тазалады. @aqtobe_oblysy_akimdigi @aktobe_ecologia