
Бүгін Ақтөбе облысы бойынша Заң кеңесі палатасының заңгерлері Л.Т.Кулашева мен А.Ж.Бекетов ауданымыздың Петропавл, Ш.Қалдаяқов, Қос Естек және Бадамша ауылдарына арнайы келіп, тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты ауылдық елді мекен тұрғындарына жер, тұрғын үй, неке және отбасы, мұрагерлік мәселелері бойынша тегін кеңестер беру және 2022 жылдың 29 желтоқсанында қолданысқа енгізілген ҚР "Жеке тұлғалардың бонкроттылығы" туралы заңын кеңінен түсіндіру мақсатында кездесіп, тұрғындар тарапынан туындаған жеке сұрақтары бойынша жеке қабылдаулар өткізді.