Ежелден-ақ дана халқымыз «Отан отбасынан басталады» деп қоғамдағы отбасының құндылығына ерекше назар аударған. Мықты мемлекеттің қалыптасуы үшін әрбір үйдің, әрбір шаңырақтың береке бірлігі жарасуында болуы керек.Осы орайда 2013 жылдан бастап еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев елімізде Бүкіл ұлттық «Мерейлі отбасы» жобасын қолдауға шақырған Жарлығын жария етті. Негізінде 1994 жылдан бері әлем бойынша 15 -мамырда Халықаралық отбасы күні атап өтіліп келеді. Осы ретте бізде аудан тұрғындарын Халықаралық отбасы күнімен құттықтай отырып, барлық отбасына бақ береке тілейміз! Сонымен қатар 2013 жылдан бері ауданда «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан жарасымды отбасыларында еске сала кетуді жөн көрдік.
Тәрбие отбасынан десек, аталмыш байқаудың негізгі мақсаты отбасында бала тәрбиесіне қажетті құндылықтарды насихаттау, отбасымен жеткіншектің тәрбиеге көзқарасын тереңірек дәріптей келе, үлгілі отбасын өзгелерге үлгі ету. «Отан отбасынан басталады» - деген ұлы сөзді ескерсек, тәрбиенің бастамасы ата-ана баласының даладан
тапқан олжасын көрші- көлемге мақтан етпес бұрын, қайдан-қалай тапқанына көз жеткізе тәрбиенің басы болмақ.
Расында отбасынан дана да, ғалым да, алып та, қала берді тентек те, телі де өсіп, өмірге қанат қағады. Сондықтан ұрпақ алдында жауапкершілігі ор тәрбие мектебі. Ендеше осы жылда өткізілетін аталмыш бай-
қаудың берері мол екендігін жабыла қолдап, көңіл бөлу баршаның ісі екенін есте ұстау
басты мәселе. Жалпы айтпағымыз «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегенді бұрынғылар текке айтпаса керек. Ата-ана тәрбие өзімізден, өскенде ұл-қызың өзектен теппесін десек осы бастан тәрбиелі болуға жеткіншектің жетесіне құя беруге осындай байқау тапсырмайтын тәрбиелік құрал, үлгілі отбасын көрген ұрпақ ойланар еді. Жылда өтетін мағынасы терең, мәні зор байқау ауданда да өткізіліп келеді. «Алайда бес саусақ бірдей емес», кер жалқаулық танытатын ауылдық округтерде жоқ емес. Биылғы өткен байқауға жеті талапкер құжат тапсырып, бағасын алды. Қатысқан отбасыларын өзгелерге үлгі ете атап айтсақ: Ащылысай ауылынан Серік Қайрашев, Әлімбет ауылынан Кенжетай Даутеев, Велиховка ауылынан Юрий Баранов, Бадамша ауылынан Қанат Жақсылықов, Жосалы ауылынан Иван Кудря, Петропавлдан Эдуард Кофлер, Ш.Қалдаяқов ауылынан Марс Шынтасовтың отбасылары қатысты. Талапкерлер барынша ізденген алайда олқылық та жоқ емес. Мәселе оза шауып, жүлде алуда тұрған жоқ, мән беріп қатысса қабілетін танытуда өнер, өзгелерге тәрбиелік өнеге.
2015 жылдын мамыр айында аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында байқауға қатысқан отбасыларды марапаттау рәсімі өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Салауат Уахитов қатысып, құттықтау тілегін жеткізе тұра, аудан әкімінің дипломдарымен сый-сияпатты табысталды. Байқаудың ережелеріне сай әзіл қазылардың бір ауыздан ойынан шыққан Желтау ауылдық округіне қарасты Петропавл ауылының тұрғыны Эдуард Кофлердің отбасы 1 дәрежелі дипломға лайық еңбегі бағаланса, Жосалы ауылынан қатысқан Иван Кудряның отбасы 2 дәрежелі дипломмен, Ш.Қалдаяқов ауылынан қатысқан Марс Шынтасовтың отбасы 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Айта кету керек, Желтау ауылдық округінен қатысқан екі отбасы да байқауға тиянақты қатысқанын ескерген әділ қазылар алқасы ұйымдастыра білген ауыл әкімдігі мамандарына алғыс айтып, өзгелерге үлгі алуды меңзеді. Осы байқаудың 1-2 орын жеңімпаздары облыста аудан намысын қорғайтын болады. Қалған бес отбасы да құр қайтқан жоқ. Аудан әкімінің байқауына белсене қатысқаны үшін арнайы дипломмен марапатталып, 2015 жылғы аудандық «Мерейлі отбасы» байқауының дипломаты атанып қайтты. Сондай-ақ дипломның көрімдігіндей сый-сияпатта табысталып, игі тілектер айтылды.
Бақыт ИМАШЕВ.