
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МАҚСАТЫНДА ЕҢГІЗІЛГЕН «ЖАСЫЛ ЕЛ» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ БИЫЛ
АУДАНЫМЫЗДА КЕЗЕКТІ МАУСЫМНЫҢ ЖҰМЫСЫН БАСТАҒАН БОЛАТЫН.
-Бағдарламаны жүзеге асыру барысы бүгінгі күнде Бадамша ауылында жүйелі түрде қолға алынып, бағдарлама бойынша ауылымызда бірінші кезеңде 9 адам еңбек етуде. Екінші кезеңде 42 адам, ал үшінші кезеңде 20 адам тізімге тұрды. Басты назарға көп балалы отбасылардан шыққан жастар, мүмкіндігі шектеулі және жұмыссыз жастар алынып, олар жұмыспен қамтылды, - деп мәлімдеді. Бадамша селолық округінің жетекші маманы Әлия Оңғарбаева.
Бүгінгі таңда жастарымыз
қоршаған ортаның, туған ауылдарының тазалығына өз септіктерін тигізуде. «Жасыл ел» жасақшылары қоршаған ортаның көркеюіне, қоғамдық орындардың таза тұруына өз септіктерін тигізіп, тазалық барысында игілікті істердің үлгісі болуда. Қоғамға пайдасын тигізу тұрғысында аянбай еңбек ететін жастарға алдағы уақытта іске сәт демекшіміз.
Набатхан ПЕРЛЕПЕСОВА.