Мұқағали мәңгілік жыр...

Мұқағали мәңгілік жыр...

Биыл ақпанда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы ел көлемінде кеңінен аталып өтілді. Қарғалы аудандық мәдениет үйінде жыл сайын ақпан айында мұзбалақ ақынның туған күнін атап өту дәстүрге айналған. 

Өткен дүйсенбіде аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Ұшқын» халықтық жастар театры көрермен назарына «Мұқағалиға арнау» тақырыбында поэзиялық қойылым ұсынды. Театрдың жас актерлары ақынның ғұмырынан сыр

шертетін қойылымды нақышына келтіріп ойнап шықты. Жалпы оқыр-

манның Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығынан алатын асыл дүниелер мен жыр-маржандары көп-ақ.

Сонымен қатар, сейсенбінің кешінде мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізіп, онлайн форматында әлеуметтік желілер арқылы қалың көрермен назарына ұсынды. Сазды кеште ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, өлеңдері оқылды.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған іс-шаралар жыл бойы жалғасын табатын болады.

Қарғалы – ақпарат