Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ. Сұрақ-жауап.

Мен -жекекәсіпкермін. Өз қызметкерлерімүшінміндеттізейнетақыжарналарынәрдайым аударып отырамын. Енді оны БЖЗҚ сайтыныңкөмегіменжүргізуге болады депестідім. Бұл рас па?

 - Ия, бұлшындық. Жұмысберушілергеыңғайлы болу үшін БЖЗҚ сайтындағы «Жеке кабинет» бөлімінде «Заңдытұлғакабинеті» (https://jurcabinet.enpf.kz/auth)жұмысістейді. Бұл қызметті ЭЦҚ-сы болған жағдайда, Жеке кәсіпкер мәртебесіне ие жеке тұлғалар, сондай-ақ қол қою құқығы бар бірінші басшылар немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген заңды тұлғаларға арналған электрондық цифрлық қолтаңбасы болса, қаржылық құжаттарға қол қою құқығы берілген адамдар пайдалана алады.

«Заңды тұлға кабинеті» жұмыс берушілерге БЖЗҚ-ға жарналардың барлық түрлерін: міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыруға, редакциялауға және басып шығаруға мүмкіндік береді.

Мұнда БЖЗҚ-ға төлемдерін жіберу қажет қызметкерлердің тізімі берілген, оған түзету (қызметкерлерді тізімнен алып тастау немесе қосу) енгізуге болады. Бұдан басқа, бұл қызмет төлемдер тарихында бұрын қалыптастырылған төлем тапсырмалары бойынша барлық деректерді қарауға мүмкіндік береді.

Өз парақшаңызды сіз компанияңыздың бейіні бойынша ақпаратпен толықтыра аласыз, мысалы, ұйымның мекенжайын, байланыс деректерін (телефон нөмірін) және электрондық пошта мекенжайын қоса аласыз, Е-өтініш порталына өтініш беріп, кері байланыс ала аласыз, сондай-ақ кез келген кезеңде жасалған іс-әрекеттер және енгізілген өзгерістер туралы есепті көре аласыз.

Сондай-ақ, осы қызметтің көмегіне жүгінетін пайдаланушыларда тікелей «Заңды тұлға кабинеті» бетінен нақты сілтеме(реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге, жадынамалар мен нұсқаулықтарға, өтініш бланкілеріне сілтемелер) бойынша ақпараттық-анықтамалық базаларына  өту мүмкіндігі пайда болды, яғни қажетті ақпаратты іздеу үшін виртуалды кабинеттен шығудың қажеті жоқ.

Дата публикации
19 октября 2022
Дата обновления
21 октября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Ақпарат
06 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Ақпарат
02 октября 2026
Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпараттын кайдан алып,басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы