Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ сұрақ-жауап.

Сәлеметсіз бе! Қазір мен бала күтімі бойынша декреттік демалыста жүрмін. Еңбекке жарамды уақытымның барлығында мен ресми түрде жұмыс істедім, тиісінше, жарналарым даБЖЗҚ-ға жүйелі түрде аударылып отырды. Айтыңызшы, мен жұмыс істемеген уақыт ішінде мен үшін зейнетақы жарналары төлене ме, төленетін болса, оларды кім аударып отырады?

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның1 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) қосымша белгіленеді.

Субсидиялау қағидаларының2 2-тарауының 4-тармағына сәйкес БЖЗҚ-да МЗЖ субсидиялау бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алушылардың пайдасына ай сайын бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Яғни ай сайын, бала бір жасқа толғанға дейін анасының жеке зейнетақы шотына МЗЖ бюджет қаражаты және МӘСҚ қаражаты есебінен мемлекеттік корпорация3 арқылы аударылатын болады.

Субсидиялау кезінде әйелдердің зейнетақы аударымдарының мөлшері МӘСҚ-дан бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер алған бүкіл кезең ішінде төмендетілмейді және бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем мөлшері есептелген әйелдің табыс мөлшері ескеріле отырып сақталады.

Яғни МЗЖ мөлшері декреттік демалысқа шыққанға дейін белсенді еңбек қызметі кезеңінде алатын табысынан 10% деңгейінде сақталады. Осылайша, 10% жарна мыналарды қамтиды:

4% - бала күтімі бойынша төлемдерді жүзеге асыратын МӘСҚ-дан (МӘСҚ жарналары);

6% - республикалық бюджеттен (субсидия).

Дата публикации
09 сентября 2022
Дата обновления
09 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
Ақпарат
06 октября 2026
Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?
Ақпарат
02 октября 2026
Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпараттын кайдан алып,басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы